Вашингтон Сирияға әскер кіргізу мүмкіндігін жоққа шығармайды
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Егер Кофи Аннанның жоспары Сирияда 14 айға созылған жанжалды тоқтата алмаса, әлем елдері өзге жолды таңдауы мүмкін.
Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Сьюзан Райс ескертті. Ал, осы Ұйымдағы Ресей Елшісі Виталий Чуркиннің пікірінше, Сириядағы ахуалды апатты жағдайға жеткізбеу үшін Аннанның жоспарын қайтсе де жүзеге асыруға күш салу керек. Ресми Мәскеудің мәлімдеуінше, Араб еліндегі тұрақсыздықтың бояуын сонша қоюлатып көрсетудің қажеті жоқ.
Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлайды.
Сирияда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Араб Лигасының арнайы өкілі Кофи Аннанның жоспары сәуірдің 12-де күшіне енді. Бірақ, содан бері қантөгіс біржола тоқтаған жоқ. Ал, көтерілісшілер мен Президент Башар Асад армиясы арасындағы қақтығыстардан жүздеген адам мерт болды. АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Елшісі Сьюзан Райстың айтуынша, бұған тосқауыл қойылмаса, жанжал өрті аймақтың өзге елдерін де шарпуы мүмкін.