Сейсенбі, 8 Сәуір 2025
46 - сөз 7284 12 пікір 9 Тамыз, 2021 сағат 13:03

Намыстанбайсыңдар ма?

Бапкерлер, спортшылар айтсаңдаршы бар шындықты, қашанғы тығылып отырасыңдар?

Бұл елдің дамығаны тек белсенділерге керек пе?
Келіп бізге мұңдарыңды төгесіңдер, өздерің қашаңғы тығылып отырасыңдар?
Спорттағы сыбайластықты, жемқорлықты шындықты айтатын уақыт келді!

Балалардың тамағына, витаминіне, жарыстарына, жолдарына бөлінетін ақшаны бастықтар өздері жейді, сендер оны ата-аналардың өздеріне жүк қылып артатындарыңды.

Сәләфи ағымына яғни , “жамағатқа кірмегенсің, ортаға зекет бермегенсің”, деп шеттетілендеріңді; Шәкіртеріңмен қоса мұсылман емессіңдер , Алланың сүйген құлдары ғана олимпиадаға бару керек, олар ғана мадаққа лайық дейтіндерді.

Спорт федерация басшыларының туысқаны, руласы, яғни басшылардың артын жаламағандарың үшін чемпионат, жарыстарға бармай қалатындарыңды ашық айтсаңдаршы!
Намыстанбайсыңдар ма?
Қашанғы үндемей отырмақсыңдар?

Айгүл Орынбек

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1609
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4348
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3275