Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2811 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:59

Бүркіт НҰРАСЫЛ. ЕЛ ШЕТІНЕ ЖАУ ТИДІ МЕ? ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫНДА 13 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Кеше Алматы облысындағы «Горный» шекара заставасында 13 адамның (12-сі шекарашы сарбаз, 1-і орманшы) қаза тапқаны туралы суыт хабар тарады. Айдың-күннің аманында бір емес, екі емес, он екі бірдей шекарашымыздың ажал құшқаны ел-жұртты әжептәуір үрейлендіріп тастады. Үрейлендірмей қайтсын, құрттай құжынаған Қытайдың іргесінде шекарашыларымыз шейіт болып жатса?!

Бізде әдетте бір суыт оқиға бола қалса, ресми органдар оның анық-қанығын жұртқа жариялауға асықпайды. Жоғары жақтағылар мақұлдаған ғана ақпар таратылады. Сондықтан ресми хабардан бұрын, қауесеттің желдей есетіні рас. Бұл жолы да «шекарашыларды қытайлар қасақана өлтіріп кетіпті, жоқ, сарбаздар өрттің құрбаны болыпты» деген сыңайлы түрлі-түрлі гу-гу әңгіме ел арасын кезіп жүрді. Ел естігенді шенеуніктер естімеген болып шығатынына да үйреніп алдық қой. 12 адамның қайтыс болғаны жұртқа жария болып үлгерген уақыттың өзінде Парламент қабырғасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин: «Біз шекарада төтенше оқиға болғаны туралы ақпарат алдық. Әзірге нақты қаза болғандар бар ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру тобының құрамына барлық құқық қорғау органдарының өкілдері кіріп отыр. Қосымша ақпараттар болса хабарлайтын боламыз», - деп журналистерге екіұштылау мәлімдеме жасады.

Тек түске қарай ғана Алматы облысындағы шекара заставасында әскери қызметкерлердің өлтірілгені туралы алып-қашпа дерек расталды, ресми түрде. Кезектен тыс брифинг өткізген Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Тұрғанбек Сматбеков шекара заставасында қайғылы жағдай болғанын мәлім етті. Қағазға жазылған мәтінді ежіктеп әрең оқып шыққан Сматбековтың сондағы айтқаны мынау: «2012 жылы 30 мамыр күні шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасы Үшарал шекара отряды «Сары бөктер» заставасының наряды тау бөктерінде жаз мезгілінде ғана 15 шекарашы (он бесінші шекарашы деп оқыды) қызмет атқаратын «Арқанкерген» шекара постының жанып кеткен ғимаратын көрген. Өртенген жаздық ғимараттан 13 адамның, посттың жанында орналасқан аңшылық шаруашылығы қорықшысының денелері табылды. Оқиға болған жерде шекара қызметінің директоры генерал мойор Н.Мырзалиевтің (Нұржан - автор) басқаруымен ІІМ және Бас әскери прокуратурасы мамандары мен өкілдерінің қатысуымен жедел тергеу тобы жұмыс істеуде».

Брифингке дейін кейбір отандық ақпарат агенттіктері 8-ден 15-ке дейін  адамның қаза тапқанын, арасында 1 офицер, келісімшарт бойынша 3 жауынгер және тағы 11 сарбаз бар екендігін айтқан болатын. Аталмыш мобильді пост жазғы уақытта емдік шөптерді жинау үшін шекара бұзатын шетелдік «қонақтардың» алдын алу мақсатында қойылатын бекет болса керек. Бұл аумақта бұрындары да бірнеше рет Қытай азаматтары ұсталған көрінеді.

Алайда қанды оқиғаның қандай сипатта өрбігені, шекарашылардың өліміне нақты қандай жайттардың себеп болғанын ешкім тәптіштеп жатпады. Құзырлы органдар да «қосымша ақпараттар болса хабарлаймыз!» деп шолақ қайырып отыр. Ал кеше ҚазТАГ агенттігі «Құқық қорғау органдары қауіпсіздік қызметтерінің шекара бекетіне шабуыл жасалды немесе жарғыдан тыс қарым-қатынастар болды деп болжам жасап отыр», - деген хабарлама таратты. Бұл деректерге сүйенсек, шекарадағы «Горный» мобильді бекетімен мамырдың 30-ы байланыс үзіліп қалған. Постты тексеруге келгендер біреулердің жауынгерлерді өлтіріп, мәйіттерін бір жерге жинап кеткенін бірақ көрген-мыс.

Тағы бір деректер бойынша, олардың қолындағы қарулары жоғалып кеткенге ұқсайды. Алайда құзырлы органдар бұл сыбысты артынша жоққа шығарды. Шекара қызметі мамандары қаза тапқан шекарашылардың қарулары оқиға орнынан табылғанын мәлім етті. Табылған қарулардан соңғы күндері оқ атылған-атылмағандығын тексеру қазіргі уақытта мүмкін болмай отырғанын, осыған байланысты табылған қарулардың арнайы сараптамадан өткізілетіні хабарланды. Дегенмен, күдікті жайт көп. Посттағы  он бес шекарашының он екісі қаза болса, қалған үшеуі қайда? Оларға қорықшының қандай қатысы бар? Кей деректер қорықшының осы оқиғадан 2 күн бұрын өлтірілгенін айтады. Жауынгерлердің қару-жарақтары қайда кетті деген сауалдарға жауап алу мүмкін болмай отыр. Бұл сыбыстар рас болса, құзырлы органдар неге жасырады? Сауысқаннан сақ отыруы тиіс сарбаздардың лапылдап жанып жатқан өртті көрмей, 12 бірдей сарбаз қырылып қалды дегенге, әрине, сену қиын. Соған қарағанда біреулердің қасақана басып кіріп, өлтіріп, мәйіттерді бір жерге үйіп кетті деген сыбыстың жаны бар ма дейсің?

Сіз не дейсіз?

Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы, қоғам қайраткері:

Бұл енді өте қайғылы жағдай болды. Жалпы халықтың басына түскен ауыр қасірет деуге болады. Дуылдатып жаза бермейік. Он үш азаматтың қазасы оңай дүние емес. Сабыр қылып күтейік. Арнайы комиссия құрылған екен. Солардың жұмысына кедергі келтірмеу керек. Бәрі сосын анықтала жатар. Меніңше жұрт айтып жүргендей саяси астар жоқ. Оған мен жүз пайыз сенімдімін.

Жалпы шекара қызметіне көп сын айтамыз. Білген адамға бұл оңай қызмет емес. Соған қарамастан үлкен жұмыстардың атқарылып жатқанын айту керек. Еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын сеніп тапсырдық емес пе? Сондықтан ол азаматтарға сенім білдіргеніміз абзал.

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347