Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3029 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 12:31

Өміржан Әбдіхалықұлы. Шәйіт болған шекарашылар, Сатылған ағай және балмұздақ

13 азаматтан бейбіт күнде айырылып қалдық. Қалай десеңіз де, елдің шетінде, желдің өтінде мемлекеттік шекараны күзетіп жүрген 12 әскери мен бір қорықшы - 13-де шәйіт.

Қытай мен Қазақстан шекарасындағы осы бір қайғылы оқиға елді алаң көңілге түсіріп, түрлі әңгімеге өзек болып жатыр. Сауал көп. Жауап сараң.

Шекара күзеті - мемлекеттің ең маңызды істерінің бірі. Шекарадағы қайғылы жағдай - мемлекет үшін төтенше оқиға. Ел шетінде азаматы баудай түсіп, қырылып жатса, жұртты үрей билеуі де заңды. Құзырлы орындардың сараң жауабы - «Заң тыйым салмаған кез келген жолмен ақпарат алуға болатын» біздің елдің демократиясы. Сұрақтың көптігі -  арнайы өкілдердің мінбеден айтқан сөздеріне бұқара сенбейді. Сенімге селкеу түскелі қаша-а-а-а-н.

Сырттай қарағанда, әркім өз жұмысын атқарып жатыр: жауапты орындар тергеу, тексеру бастап кетті, ал қоғам түрлі болжамдарды қарша боратып, істің ақтығы ашылады дегенге сенімнің жоқтығын жарыса жазып жатыр.

Отан қорғау, сол жолда өлу - ерлік! Ал, біз Отанымыздың ертеңгі ұландарын қалай қорғап жүрміз? Мысалы, бүгін - халықаралық балаларды қорғау күні. Мемлекеттің болашағын қалай қорғап, қандай рухта тәрбиелеп, қаншалықты білім беріп жатқанымызды  қортындылайтын күнді балаларға тегін балмұздақ тарататын күнге айналдырып жібердік. Балаларды қорғау күніне орай Шымкенттік шенеуніктер оқушыларға тегін балмұздақ таратып жатыр. Мереке, шоу ұйымдастыруға, бюджет қаржысын балмұздаққа жұмсауға шебер Шымкенттік шенеуніктер осыдан бірнеше жыл бұрын СПИД-ке шалдыққан балаларды неге құтқарып қалмады? Жыл сайын мектеп оқушылары оқуды жылы жауып қойып, мақта теріміне шығады. Бұл дегеніңіз, бала құқығының бұзылуы, бала еңбегін қанау болып саналады. Алайда, балмұздақ таратқыш Оңтүстіктің атмінерлері мақта алқабында қара қайыс болып жүретін қазақ баласының құқығын қорғауда қауқарсыз болып келеді. Енді, келіп, балаларды қорғау күнін - ағыл-тегіл балмұздақ тарату күніне айналдырғандарына қарап отырып, түңілесің. Жергілікті биліктің шаруасы балаларға балмұздақ үлестіру  емес,  балалардың құқығын, денсаулығын қорғау және білім алуына толық жағдай жасау. Бірақ, мұны шенеуніктерге қалай түсіндірерсің?!

Балаларды қорғау күні - көзі жаутаңдап, шетел асқан қазақ баласының қамын ойлаған бір жан болды ма екен? Мерекені жақсы көреміз, ал, балаларды қорғау келгенде жерге қараймыз. Сәбиін жетімдер үйіне өтікзген ана, ол баланы шетелдікке сатуға құжат жасағандар, бала саудасына ерік берген заңды жасаған, ол заңды мақұлдағандар, осының барлығына жол берген билік бүгінгі халықаралық мерекені атап өтуге қақысы бар ма? Біздің қақымыз бар ма? Бүлдіршіндерді, яғни, мемлекет азаматын саудаға салған биліктің «Мемлекеттің басты байлығы - адам және оның өмірі» деп анық жазылған Ата заңның шеңберінде билік жүргізуге қақы бар ма? Өзінің басты заңына кереғар іс жасап, өз баласын - азаматын қорғай алмаған билік сонда кімді қорғамақ?

Сәбиін сақтай алмаған ел 20 млн ға қалай жетпек? Баласын саудалап, оны қорғауға қаурсыз ел Отан қорғау жолында шәйіт болған 12 азаматының орнын кіммен толтырмақ?

Р.S.

Әйгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Жол үстіндегі кездесу» дейтін әңгімесінде қаладан ауылға келген Сатылған есімді кейіпкері бар. Көкала галустук тағып ауылға келген Сатылғанға ауылдың көзқарасын, қабылдауын жазушы былай береді: «Мұндағы жұрттың ұғымында галстук тағу ол өкіметші болудың, комсомол болудың және бір нышан-белгісі тәрізді. Ескілік салт-санадан алшақтау, орыстану». Сатқан кім, сатылған кім?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5342