Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4006 0 пікір 12 Тамыз, 2021 сағат 16:21

Қытай караокеде кей әнге тыйым салмақ

Қытай адамның моралына зиян келтіретін және кері әсер ететін композицияларға тыйым салуды ойластыруда. 

CNN телеарнасының хабарлауынша, елдің Мәдениет және туризм министрлігі әзірге уақытша ережелерді бекітті. Олар «зиянды» караоке әндері ұлттық бірлікке нұқсан келтіреді, ұлтаралық қақтығыстарға себеп болады, тіпті елдің діни саясатын бұзады дейді.

"Біз негізгі социалистік құндылықтарды насихаттаймыз және ұлттық, мәдени идеологиялық қауіпсіздікті қолдаймыз", - деп хабарлады департамент.

Караоке мекемелеріне контент ұсынған адам әндерді бақылауға жауапты болады. Қытайда 50 мыңнан астам «ән мен билерге арналған ойын -сауық мекемелері» бар, ал әндер каталогы 100 мыңнан асады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2531
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663