Алматыда тарих неге тапталуы тиіс?..
Республикалық басылымдардың бірінде жариялаған Үкімет қаулысында Алматыдағы 35 нысанды тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен алып тастау туралы нақты мәселе қойылған.
Ел Үкіметінің осы шешіміне ашу-ызасы келген Орталық мемлекеттік музей директорының бірінші орынбасары Бейбітқали Қақабаев алғашқылардың бірі болып, БАҚ өкілдерін шұғыл жинап, өзінің ойын ортаға салды.
- Мұндай шешімнің қандай себеппен қабылданғанын білмеймін, бірақ еліміздің тарихи және мәдени ескерткіші ретінде мемлекет қорғауында болып келген Алматыдағы 35 тарихи-мәдени нысанды құнды ескерткіштер тізімінен алып тастауды еліміздің өткен тарихына жасалған қиянат, тіпті қылмыс деп санаймын. Себебі қайсыбір елдермен салыстырғанда, біздің елімізде тарихи-мәдени ескерткіштер саны өте аз. Біз, ең алдымен, осыны ескеруміз қажет, - деді ол.
Тарихшының бұлайша дабыл қағатын жөні бар. Тізімнен алынып тасталуы тиісті тарихи-мәдени нысандардың арасында 1858 жылы салынған София шіркеуі, сондай-ақ 1911 жылы Алматыда іргетасы қаланған генерал-губернатордың кеңсе ғимараты тәрізді ХХ ғасырда айрықша маңызға ие болған бірнеше тарихи ғимараттар және ежелгі көшпенділер тарихынан сыр шертетін сақ қорғандары бар. Еліміздің қоғамдық негіздегі бас экологы саналатын «Табиғат» экоодағының төрағасы Мэлс Елеусізов:

- Меніңше, Үкімет басындағылар тарих деген сөзді түсінбейтін болса керек. Себебі тарихи-мәдени ескерткіш нысандарын жоюға тек тарихты түсінбейтіндер, тарихты бағалай білмейтіндер барады. Тіпті бұл адамшылыққа жатпайды. Өйткені Алматыда болсын, басқа жерде болсын, әрбір тарихи ескерткіш жас ұрпақтың елінің тарихын біліп өсуі үшін қажет. Сондықтан бүгін қолда бар тарихи-мәдени ескерткіштерімізді жойып жіберіп, күні ертең өкініп жүрмейік. Үкімет басындағылар алдымен осыны ойлауы тиіс еді. Үкіметтің бұл қаулысы Парламентте қаралып, қайткен күнде күші жойылуы қажет, - деп пікірін білдірді.
Үнемі халықтың арасынан табылатын сенатор Ғани Қасымов та осынау маңызды мәселеден шет қала алмады.
- Алматыдағы тарихи-мәдени 35 нысанды тізімінен алмас бұрын ғалымдар мен депутаттардан және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен арнайы комиссия құрып, содан соң сол комиссия әрбір тарихи нысанды бағалауы тиіс. Әйтпесе құрдан-құр тарихи-мәдени ескерткіштерді жойып жіберу, бұл - ұят жағдай. Себебі сонау 90-жылдардың басында бұл нысандардың барлығы арнайы комиссияның шешімімен еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштері қатарына енгізіліп, арнайы мемлекет қорғауына алынды емес пе?! Бәлкім, қала басшылығы әлгі нысандардың қаланың жер телімі аса қымбат орталығына орналасқандығынан оларды «қажетсіз» деп ысырып тастап, күні ертең ол жерге үлкен бизнес-орталық салуды жоспарлап отырған болар. Қалай болғанда да Үкімет те, Алматы қаласының басшылығы да бұл мәселеге байыппен қарағаны мақұл, - дейді сенатор Ғ.Қасымов.
Осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов: «Мұндай қаулы Алматы қалалық әкімшілігінің ұсынысы бойынша қабылданды. Себебі аталмыш нысандардың қайсыбіреулері өзінің тарихи құндылығын баяғыда жоғалтқан және кейбір тарихи-мәдени нысандар баяғыда-ақ жермен жексен болған немесе өртеніп кеткен. Ал осындағы сақ қорғандары ғылыми қолданыстан қалғандықтан, тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен алынбақ.
Жалпы, күні бүгінге дейін тарихи және мәдени ескерткіш саналып келген бұл нысандарды тарихи ескерткіштер тізімінен алып тастау бізге оңайға соққан жоқ. Бұл мәселе үш жыл бойы талқыланып, содан соң нақты шешім қабылданды. Бұған қоса, Шаңырақтағы ғалымдардың қолданылуынан шығып қалған бұрынғы сақ қорғандарына қарасты жер телімдерін осындағы тұрғындарға заңдастырып беру көзделуде. Жалпы, қалалық әкімшілікке өзге де тарихи-мәдени нысандарды, мысалы, «Алатау» қонақүйін тізімнен шығару туралы ұсыныстар көптеп түсуде. Бірақ біз мұндай нысандарды қалдырып отырмыз, - деп ақталудан басқа амал таппады.
Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ
"Айқын" газеті