Алтын Орда: Бату Қаған, Ибрагим және Қимақ жұрттары
Алтын орда тарихына қатысты КСРО тарағаннан кейін жазылған тарихи еңбектер туралы
4 бөлік
Сөзбасы: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек», - деген болатын.
А. Бушков және Ұлы Дала туралы жазбаларының аудармасын Abai.kz оқырмандарына ұсынбас бұрын мына бір тарихи фактіні келтіре кетпекпіз.
Бату Қаған, Ибрагим және Қимақ жұрттары
Ноғай мен қазақтың бөлінгені, Қара қыпшақ Қобыландының Қазанды азат етуге аттанғаны алаш фольклорының алтын өзегі. Ал, 2013 жылды татар милетшіл жастарының “Азатлык” қозғалысы Бату Қаған жылы деп атап Ресейді бір дүрліктірді. Біз азат ел болсақ та, Бату Қағанды дұрыстап ұлықтап жүрген жоқпыз. Жаңа тарихтағы Татар (Дешті-и-Қыпшақ) империясы осы хан иемізден бастау алады. Оған қазір төрт халық таласып отыр: орыс, татар-башқұрт және қазақтар.
Бату ханның зор әскери реформасы – әлемде бірінші әскери-теңіз командосын құрғаны: оның құрамында бүгінгі кіші жүздің Еділ-Жайық, Арал мен Атырауды, Ертісті мекен еткен қазақ руларының жастары Ибрагим жұрттық Еділ бұлғарларымен бірге борышын өтегені. Ибрагим жұрттың жігіттерімен бірге Атырау мен Аралдық, әм Ертіс бойы қазақтары үшкүймен (нән қайық) теңіз жорықтарын жасады. Кейін орыс тарихшылары – теңіз қарақшылары аттандырды. Аттылы қазақылықпен бірге, қайықылы қазақылық бар екенін естен шығармауымыз керек. Бұдан бүгінгі күннің биік гуманистік аңсары тұрғысынан үркіп-шошудың еш керегі жоқ: себебі – кез-келген соғыс олжа түсіру үшін басталады. Бұл – ұлтымыз өзгелерді олжа еткен кезбен, милетімізді өзгелердің олжа еткен кезі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.
Папа Иннокетий IV 1234 жылы Еуропаны көктей өтіп, соңғы теңізге дейін барған Арал-Атырау және Ибрагим жұртынан жасақталған әскерді «Тозақтың (Тартарустың) әскері» деп атап, шармақ жорығын бастады. Осы жорық рухани-мәдени ауқымда орыстарды (славянданған түркілерді), татар-башқұрт және қазақтарды жадысыздандырды. Иезуиттер Бату Қағанның империясын Шыңғыс қағанды алға тарта отырып, осы жорықтардың қалай болғанын білмейтін, қайық түгіл, теңізді көрмеген халхаға теліп берді.
Түркінің славянданбаған біртұтас жұрты Ұлығ Татария қазақ пен татар тарихынан сызылып тастады. Ал, «Татар-маңғұл езгісін» ойлап тапқан жан польяк королі Стефан Баторийдің (1533-1586) статс-хатшысы Рейнгольд Гейденштейн «Мәскеу соғысының жазбалары (1578-1582 ж.)» еңбегінде қолданып, оны француз тарихшысы Жак Огюст де Ту іліп әкетті (қара: Вадим Каргалов «Конец ордынского ига» кітабы). Бұдан соң барша еуропалық қазақ тарихы мен еуропалық татар тарихы славянданды. Біз еуропалық мәсіхші қазақ пен мұсылман қазақ жайлы тарихи деректерді елемей келеміз. Еділ-Жайықтық Ибрагим жұртының алашқа тиселі алыс қиыры – Дон және бергі қиыры – Атырау мен Аралды, түпкі қиыры – Ертісті еске алмайда жүрміз.
Бату Сайын Хан түрлі әлеуметтік топтардың жасаған саудасынан түскен табыстарына салық енгізді, бұны бұрынғы да, қазіргі тарихшылар жұрттан ауыр алым-салық жинады деуден талмай келеді. Мемлекеттің берік негізі – әскер мен салықтан құрылады.
Бату-хан тұсында Астрахан, Волгоград, Саратов, Ертіс бойында және т.б. өңірлерде 100 аса қала салынды, әрі әлемде бірінші рет қағаз ақшаны қолданысқа енгізді («Эрмитажда» – Алтын Орда дәуірінде балыш аталған үлкен төрт бұрышты қағаздағы хан мөрін көрулеріңізге болады). Бірақ, Батуды – қазіргі орыс тарихшылары ішке тартып өліп түссе, Мұрат Әжі оны сыртқа теуіп, ит етінен жек көреді. Католик изеуит және жәдігөй жалған мұсылман жөйіттер солардың күйреуіне күш салып, қазақ пен ноғай бөлінді.
Бату Ұлығ Бұлғар өңірін бауырына басқан Жошы ұлысының бағын асырды. 1944 жылы КОКП ОК Алтын Орда тарихы мен мәдениетін зерттеуге тыйым салды да, барша ноғай-қазақ қалалары орыс қалаларына айналды. Оның айқын негізі – Алтын Орданың бұрынғы Қимақ жұртындағы қазіргі Петропавл, Павлодар, Семей мен Өскемен Бату өркендеткен қалалардың орнына салынғаны қаперден шығарылып, Алтын Орда тарихына жолатылмай: ойбай қазақта қала болмаған деген кеңестік мифті өмірге әкелді.
Қалған орыстанған ноғай-қазақ ақсүйектерін айтпағанда. Ресейдегі иезуиттер Бұлғақ туындатып: біртұтас халықты славяндар мен түркілерге бөлген шақта Мәскеуді қорғап қалған ноғай-қазақ қосынының басшылары хан Божар мен Ибрагим жұртының Земский старостасы Кириша Минибаев (тұз өндіруші мұсылман Мәні Әнқұддиннің шоқынған ұлы) бірі – кінәз Дмитрий Пожарский, бірі – Кузьма Минин атанып шыға келді. Біз Жошы ұлысындағы – Ибргаим жұрт пен Қимақ жұрт әкімшілік-аумақтарының нақты қай жерлерді қамтығанын нақты біле алмаймыз. Өйткені, Алтын Орда империялық кеңсесінің найман жазуымен түркі тілінде жазылған құжаттарын, найман жазуының халхалық нұсқасымен алмастырған фальсификацияны Ресей қытайтануының атасы Н.Я. Бичурин-Иакинфпен бірлесе әрекет еткен "Иисус Қоғамы" иезуит орденінің моңғұл жазуын ойлап тауып, бұрынғы түркі тіліндегі кітаптарды жойып жіберді.
Бату Қаған, әм Ибрагим жұрты және Қимақ жұрты түрлінше аталып, түрлінше жосықталып жүр. Бірақ қазақ-ноғай сөзі – еуропалық алаш дегенді білдіретінін ұмытпағанымыз жөн... қазақтың азиаттық келбетінің арғы жағында бабаларымыздың еуропалық рухы жатыр. Еуропалық тамыр тексіз зерттелген қазақ тарихы ендігі жерде бір тамыры кем соққан жарымжан тарих.
Енді Бушковқа кезек берейік...
«Моңғол-татар» шапқыншылығының классикалық версиясына имандай ұйып қабылдайтын болсақ, онда қисыспайтын қисынсыздықтың ордасына кезігіп, көзге ұрып тұрған ақымақтыққа куә боламыз.
Ең алдымен мен белгілі ғалым Н.А. Морозовтың (1854–1946) еңбегінен көлемді үзінді келтіре кетейін:
«Көшіп-қонып жүретін халық өзінің тұрмыс-тірлігіне сай мәдени өңделмеген зор атырапта экономикалық орталықтанған, яғни, бойдақ жігіттерден тұратын тұрақты әскерді ұстап тұратын салықтың жалпы темірдей тәртібіне мойынсұнбайтын жекелеген аташалық (патриархалдық) топтармен өмір сүреді. Кез келген көшпенді халықтардың ұйыса біріккен аташалық топтары бір-бірімен жұғыспай, жаңа жайлым үшін тентірейді.
Егер бірнеше мың адамның бастары қосыла қалса, олар одан бөлек түрлі аташалыққа қарайтын қора-қора сиырды, табын-табын жылқыны, отар-отар қойды да біріктіруі керек. Нәтижесінде жақын маңдағы жайылымды тып-типыл қылып, қайыра өздерінің аташалықтарына бөлініп кеттіп, өз кигіз үйлерін басқа жерге тігудің қамына кірісер еді.
Міне, сондықтан, малдың етімен күн көретін сиырдың шуындай шұбатылып жатқан көшпелі халық: моңғол, самоед, бәдуи және басқалардың ұжымдасып, отырықшы елге шапқыншылық жасады дейтін бұндай тап-таза фантазиялық идея естен тарс шығарылуы керек, өйткені, бұл халықтар отырықшылардың маңына әлдебір алапат зұлмат төнеген шақта ғана жолайды.
Сахарадағы бірде бір жазира барханнан кейін құм астында қалған емес, құмды бораннан кейін қайта түлеп отырды. Осыған байланысты біз өз тарихымыздың өң-бойында отырықшы елдерге бірде-бір көшпенді елдің жеңімпаздықпен жорық жасағандығын білмейміз, қайта бәрі керісінше орын алып отырды. Демек, бұндай құбылыс бағзы тарихта да орын алмаған. Барша халықтардың ілгері және кері көшіп-қонулары тарихи көзқарас бойынша олардың билеушілерінің есімімен байланысты мәдениеті дамыған елдің мәдениеті төмен елге өз билігін жүргізуі болып табылады».
Алтын сөз. Тарихта орасан зор аймақтағы көшпенділер бас біріктіріп, аяқ астынан күшті мемлекет құрмаса да, зор әскер жиып, тұтас елді жаулап алған оқиға тарихта болған емес.
Тек бір жағдайда ғана егерде сөз «моңғол-татарлар» жайында болған шақта осындай шетін жайт орын алды. Бізді Шыңғысхан бүгінгі Маңғұл жерінде өмір сүріп, әлдебір ғажайыптың арқасында ұлыс-ұлыс болып жүрген елдің басын санаулы жылдарда біріктіре алып, кез келген еуропалық армияны тәртіп жағынан он орайтын әскер жасақтады дегенге имандай ұюға шақырады…
Ең қызықтысы ол осыған қалайша қол жеткізгендігі? Оның үстіне, көшпенділердің отырықшы елден басты артықшылығы шапшаңдығы. Ол сонысымен – көшпенді. Хан көңіліне жақпаса одан ірге ажыратып тастап кете алады. Әсіресе, сөз Сібірдің ұлан-ғайыр аумағы турасында болып тұрған шақта...
Оның үстіне бізді мынандай жағдайға сендіруге тырысады: далалық көшпенділер жел сияқты жүйіткіп, неліктен Шыңғысханға еріп «соңғы теңізге дейін» баруға келісуге тиіс. Шыңғысхан «бастартушыларды» жазаға тартуға ізіне түсіп қуу үшін мыңдаған шақырымды артқа тастауы керек [моңғолдардың жекелеген рулары далада емес тайгада тіршілік кешті].
«Классикалық» версия бойынша Шыңғысхан қосыны Руске дейін – бес мың шақырымды жүріп өтті. Тап осындайды қалам ұшына іліктіруші кабинеттік сүйкектеткіш назариятшылар ешқашанда осы бір жолды жүріп өтудің машақатына (ал бұған «моңғолдар» жеткен Адриатика жағалауын қосатын болсақ, онда жорық жолын тағыда бір жарым мың шақырымға арттыруға тура келеді ғой) бастарын ауыртып ойға шомып көрген емес. Далалықтары бұндай алыс жолға жетелеген қандай құдірет, қандай күш?
Сіз аузыңызды ашып мынаған сеніңіз, аравия даласының көшпенді-бәдуилері Оңтүстік Африканы жаулап алу үшін Аялы Үміт мүйісіне дейін жетіпті-мыс? Ал, Аляска үндістері, ой, бәлекет, көшіп-қону үшін күндердің бір күні Мексикадан бірақ шығыпты?
Әлбетте, бұның барлығы да, барып тұрған – бәлду-бәдіктік. Дегенмен, Моңғолиядан Адриатикаға дейінгі аралықты «моңғолдар» басып өту үшін бәдуилердің – Кейптаунға немесе Аляска үндістерінің – Мексика бұғазына дейінгі жолдарын жүріп өтуіне тура келеді емес пе өзі. Жай ғана жүріп өтіп қойса жөн ғой, жәнеде жол бойы сол дәуірдегі бірнеше ірі мемлекеттерді: Қытай, Хорезмді жаулап та алды емес пе, әрі, Гүржістан мен Русті тұрымтайдай тоздырып, Польша, Чехия, Венгрияға баса-көктеп енді…
Тарихшылар бізді осыған бас шұлғи сенуімізді ұсынады… Егер басыңызды ала қашып көнгіңіз келмесе, онда сіз барып тұрған нақұрыссыз, ал, өзіңізді барып тұрған нақұрыс санамау үшін – арыстан басыңыз еттен бас тартып, қоймен бірге жайылуға тиістілігіңіз ертеден келе жатқан тәмсіл. Осылайша «классикалық» версияның жақтаушылары өздерін балағаттауға жол беріп алады…
Тіптен феодализмнің не екенін білмеген – рулық құрылыстағы – көшпенді тайпа бұны аз десеңіз аяқ астынан темірдей тәріптің керегін ұғынып, еш ләм-им деместен Шыңғысханның соңынан бас шұлғи ілесіп, алты жарым мың шақырымды жүріп өтті. Көшпенділерді аз ғана (өте сығымдалған!) уақыттың ішінде аяқ астынан сол дәуірдің ең үздік әскери техникасы – қамал бұзар, тасжауғыр мәшиндерін меңгеруді үйретіп үлгерді…
Ой елегінен өткізіп көріңдерші. Ең сенімді дерек көздері бойынша, Шыңғысхан «тарихи отанының» шегінен тысқары өзінің ең бірінші ірі жорығын 1209 ж. жасайды. Ал, 1215 ж. ол Бежінді (Хан-балықтағы – қара қытай-наймандарды) басып алып, 1219 ж. қоршау қаруларын қолдана отырып Орта Азияның (оғыз-қоңыраттың) – Мерв, Самарқанд, Үргеніш, Хиуа, Ходжент, Бұхара – қалаларын өзіне бағындырып, араға жиырма жыл салып қамал бұзар, тасжауғыр мәшиндерімен орыс (қыпшақ) қалаларының қабырғасын қақырата сөгеді.
Қазда уылдырық болмайды деген Марк Твендікі орынды: тарна (брюква) ағаш басында өспейді ғой!
Бұнымен қоса, санаулы жылдардың ішінде көшпелілер кенттің қабырғасын қақыратар жарсоғар мәшіннің қолданылу өнерін меңгеріп алуға қабілетсіз ғой! Ал, сол дәуірдің барлық мемлекеттінің армиясынан үстем түсетін армияны құруды айтсаңшы!
Ең алдымен оған бұның еш керегі жоқтын. Морозов әділеттілікпен атап өткеніндей, әлем тарихында көшпенділердің мемлекет құруының немесе өзге елді талқандауының еш мысалы жоқ (бір ауыздан (аташалы – үш жүзге басымдық беріп, аташасыз – құраманы (қазақилығын сақтап, сарттанбаған өзбекті), бодан болған (қалмақ, қырғыз, қарақалпақты және қазақилығын сақтамаған сарттанған өзбекті) естен шығарып) өңеш жырта көшпенділер құрған дейтін қазақ хандығын – Тәшкенсіз, Түркістансыз, Отырарсыз елестетіп көріңіздерші – моңғолдардың сондай қалалары бар ма өзі – Abai.kz). Оның үстіне, ақылға сыймайтын уақыт ішінде бізге ресми ғылым қоярда қоймай тықпалдайтын інжу-жауһарлы ой түйіндеулері: «Қытайға баса-көктеп кіргеннен кейін Шыңғысхан армиясы өз әскери жарақтануының қатарына қытайдың алдыңғы қатарлы әскери техникасы – жарсоғар мәшіндерін, тасжуғар және отсебер қару-жарағын қосты».
Бұл түк емес қой, бұданда өткен жалған тарихи інжу-маржандар жетіп артылады. Өз басым бұданда өткен ғылыми даңғойлықты өте байыпты академиялық журналдан оқып шықтым: онда XIII ғ. моңғолдың (!) әскери флотының ежелгі жапондарың кемелерін… әскери зымарандармен (ракеталармен) атқылағаны сипатталады! (Жапондар оған, өз кезегінде лазерлі торпедалармен жауап берген шығар, бәлкім.) Бір сөзбен айтқанда, аз ғана жылдың ішінде моңғолдар үйреген өнердің санатына енді теңізде жүзу қосылып отыр (Осыны оқыған әр алаш баласы тақымына басқан аттарын «халхалар» қалай қиып кетті екен десе, атыраудың қазағы теңіз шайқағанда талтаңдаған немелер кемеде қалай жүріп тұрды екен деп шегі түйіле күлер еді). Бір жақсысы «маңғұлдар» ешкімнің төбісінен ұшақпен бомба жаудырған жоқ…
Парасатты ой ғылыми ахуалдан басым түсетін жағдаят та орын алады. Әсіресе, ғалым фантазия әлемінің қойнауына сүңгіп кетіп, жоқты бар қылған шақта, кез келген фантаст жазушылар бұл менің ойыма бұрын неге келмеген деп бармағын тістелейді.
Дәл осы арадағы маңызы онша емес сауалдың бірі: моңғолдардың әйелдері оларды қалай жердің түпкіріне жібере салғаны? Орта ғасырдағы дерек көздерінің басым бөлігі «татар-моңғол ордасын» қоныстанушы халық емес, әскер ретінде жазады. Ешбір әйел, ешбір бала-шаға сөз етілмейді. Бұдан шығатыны үй бетін көрмеген моңғолдар өмірлерінің соңына дейін жат жерде жүрсе, күйеулерін өмірі көруге жазбаған әйелдері мал соңында салпақтайды да?
Кітаптағы емес, өмірдегі нағыз көшпенді өзін мүлдем басқаша ұстайды: соңғы демі таусылғанша мамыржай көшіп қонып жүреді (кейбірде көршілерімен қақтығысып та қояды, онсыз болмайды ғой), олардың әлдебір көрші елді бағындыру немесе жарты әлемді басып өтіп, «соңғы теңізді» іздеу дегеніңіз басына ешқашан келетін ой емес. Пуштун немесе бәдуи тайпасының көсемінің ойына қала салу немесе мемлекет құру идеясы ешқашан келмейді. Сондай-ақ, оның миының түкірінен «соңғы теңіз» сынды ауыштықты да таба алмайсың. Оған бір күндік тірліктің амаляттың күйбіңі: тірі қалу, малдың қоңын түсіріп алмау, жаңа жайылым іздеу, сүт пен ірімшікті мата мен пышаққа айырбастау… «Жарты әлемдік империя» жайлы өзін-өзі мүжіп жеуге орын қайда?
Ал, бізді мұрынымыздан тескен өгіздей жетелеп дала көшпендісінің аяқ астынан мемлекет құру идеясының ойына келгендігіне немесе ең құрып қалғанда «әлемді бөліске салу» үшін басып алушылық жорығын жасағанына сендіруге тырысады. Және де екпінді қарқынмен әлдебір ғажайыптың арқасында тайпаластарын біріктіріп, ұйымдасқан алапат әскери күшке айналдыра білді. Әрі саусақпен санарлық жылдардың ішінде сол дәуірдің қалыбымен алғанда өте күрделі мәшіндерді игерте білді. Сонымен бірге, әскери флот жасақтап, жапон байғұстарды зымыранмен атқылады. Онымен қоймай, орасан зор империясы үшін заң шығарып берді. Рим Папасын, корольдерді және герцогтарды қалай өмірге сүруге үйрете отырып, олармен хат жазысты.
Марқұм (қазекеңдер әр сөзін алтынға балап, бабаларың жабайы дегенге имандай ұйыйтын) Л.Н. Гумилев (тарихшылар арасында ойып орын алса да, көшпенділікті әспеттейтін поэтикалық идеялардың сал ауруына ұшырап) жалған ғажайыпты ұғындырып бере алатын гипотеза жасап шыққандығына сеніп өтті (қазекеңдер оның аяр идеясына шырмалмай: бір жағы орекеңдердің империялық кеудемсоқтығын қазақтың жоғалтқан империялық мүддесін қайыра тірілтудің пайдасына – университетке атын беріп отырғаны құптарлық: оның астарында Мәскеу империясының Алаш империясының шекпенінен шыққандығын ишарамен білгізіп отыру). Бұл арада сөз «пассионарлық (ұлығ құштарлық) теориясы» жайында болмақшы. Гумилевше, белгілі бір халық, белгілі бір сәтте ғарыштан келетін әлдебір тылсымды және жартышкеш мистикалық энергетикалық соққыға иелік етеді де, бұдан соң аспай-саспай тауды қопарып, ғажайып жасампаздықтарды жүзеге асырады.
Осы бір тамаша теорияның Гумилевтің өз пайдасына шешілетін кемшін тұсы да бар да, ал, бұл оның оппоненттерімен, керісінше, дау-дамайды шиеленістіре түсуге әкеп соқтырады. Істің шын мәнісінде, осы «пассионарлықтың қылаң беруімен» кез келген халықтың кез келген әскери немесе басқа да жетістіктерін жеп-жеңіл түсіндіріп шығуға болады. Ал, «пассионарлық соққының» болмағандығын дәлелдеп шығу іс жүзінде еш мүмкін болмағандықтан, Гумилевті жақтаушыларды, олардың оппоненттеріне қарағанда жіліктің майлы басын ұстауға мүмкіндік беріп отыр, өйткені, қағазға немесе пленкаға «пассионарлық ағынын» тіркейтін қабілетті аппаратура секілді сенімді ғылыми әдісте жоқ.
Бір сөзбен айтқанда – қиялыңды өз қалауыңша шарықтата бер… Атап айтсақ, рязан воеводасы Балдоха өзінің айбынды жасағымен бір сәтте суздалдықтардың жасағын тас-талқан етіп.., қатын-қызының етегін түріп, жорықтан әнге басып оралды. Болды. Көзіңізді жұмып алып, мынаны айта салыңыз: «Пассионарлық сілкініске иелік еткен рязандықтар одан әп-сәтте айырылып қалған бейшара суздалдіктердің әкелерін танытып қолдарына берді».
Келер жылы одан айырылған рязандықтарды суздаль кінәзі Тимоня Мыңқылдақ жеңіп, жасағы қыз-қырқынға қырғидай тиіп болған соң, тәубесіне келіп, воевода Балдоханың ұятты жерін жалаңаштап кірпінің үстіне отырғызды. Бұл жағдайда гумилев мектебінен шыққан ғалым «Рязандықтар бұрынғы пассионарлықтарынан айырылып қалды» деп көлгірсиді.
Бір сөзбен айтқанда «Шыңғысхан феноменін» түсіндіріп беру үшін «пассионарлық» теориясының жарамайтын себебі: оның әрі дәлдеп беру мен әрі жоққа шығара алмайтын түп негізінде жатыр. Мистицизмді шымылдықтың артында қалдыра тұрайық.
Ал, бұл әлдебір «оңбаған», арам ойлы антимәсіхші орда. Түлкі мен саршұнақты сүйсіне жейтін моавитяндар аяқ астынан қайдан шыға келді өзі. Кейін орта ғасырда істің мәнісі осылай болғандығын жайында дәйек сөздер келтіретін болам…
«Татар-моңғол езгісі» медалінің көрінбес тұсына оралайық. Ол – «Ордалықтар» мен орыстар арасындағы өзіндік ерек қатынас. Бұл салада Гумилев өзіне жұдырық жұмсаудан гөрі мақтауға тұрады: ол «Рус» пен «Орда» арасындағы қарым-қатнастардағы селбесу жөнінде аса зор материал жинады.
Ақ адалын айтар болсам, бүл жерде ондай дәлелдерді тізбектеп шыққым келіп отырған жоқ. Орыс кінәздары мен «моңғол хандарының» анда мен құдандалы болғаны, жорыққа бірге аттанғандары аз жазылып жүрген жоқ. Басып алған жерлерінде олар қалай қамсыз жүре алады (ешкім ешкімді басып алған жоқ – жалпы түркілік азамат соғысы аяқталып – батысқа жорық жасалды, әрі, анда-санда бұрық ететін діни дүрдараздық кезінде тәңіршіл қыпшақ қалалары мен ауылдары мұсылман бауырлары тарапынан отқа оранып отырды – Abai.kz)...
Мен бұның бәрін ойдан шығарып отырған жоқпын, бар жоғы орыс жылнамаларындағы деректерді келтіріп отырмын. Орыс (норман) біткен жерде татар басталады…
Бұл қалай болғаны сонда. Рус дегеніміз сіз ұмытып қалмасаңыз Алтын орданың тап өзі?...
Гумилев бұндай өлермендік қадамын жасай алмады. Ал, мен болсам бұндай тәуекелге бел будым. Біздің уәжіміз бойынша. Біріншіден, ешбір «монголоидтер» (Бушков дұрыс айтып отыр түркі халықтары ішінде түрін сақтап қалған жалғыз ұлт – қазақша ноғайлар, орысша – татарлар) ешқайдан келген жоқ (әскери жолмен ислам дінін таратушылар келді де, бір пенденің қос дінді ұстанып жүре беретін дәуірі туды), екіншіден, (осыны пайдаланған Батыс – діні түрлі субэтонсты тас-талқан етіп) зорлықпен славяндандырды (оны Бушков орыс пен татар достығы болған деп өз топшалауын ұсынады: басқыншы ешқашан боданымен дос болған емес. Ал, шын орыстар, яғни, нормандармен құдалық пен андалық орын алды). Бізге өз қисынымыз бойынша Рус пен Орда бір ғана атау («дінсіз (моавитян емес, могеметан (мұсылман) қыпшақ) татар ордасы», иезуит көшіруші қате жазып жұртты шатыстырып отыр «қыпшақ-татар» деп ұғамыз). Ал, «зұлым татарлар» кейін ойлап шығарылды (бір нәрсе айқын «қыпшақ шапқыншылығы» дін алуандығы негізде «мұсылман-мәсіхші түркілер ордасы» ретінде бір тудың астына бірігіп, уақытша келісімге келді, әрі дін алуандығынан өз түбіне өзі жетті. Бұл тарихи тіркестегі татар сөзі қазіргі ұлт атауын білдірмейді олар: бұлғарлар, ал, мәсіхші түркі деген ұғымды білдіреді. «Татар» түркі тілінде ариан дінін (исасыз христиандықты) ұстанушы деген деген ұғымға да ие, ал, оған бүгінгі татарлар өлсе көнбейді – Abai.kz)...
(Жалғасы бар)
1 бөлік: Алтын орда тарихы: КСРО тарағаннан кейін жазылған еңбектер
2 бөлік: Александр Бушков. Алтын Орда тарихы жайында...
3 бөлік: Бушков: «Қалқаның – шешуі қиын жұмбағы»
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz