Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3715 0 пікір 5 Маусым, 2012 сағат 09:05

Казкоммерцбанкке ашық хат

«Казкоммерцбанк»

Директорлар кеңесінің төрағасы

Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин

мырзаға

Ашық хат

«Казкоммерцбанк»

Директорлар кеңесінің төрағасы

Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин

мырзаға

Ашық хат

Сәлеметсіз бе, Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин мырза, мен «Казкоммерцбанктен» жеке шотымдағы аты-жөнімді көріп, сіздерге қатты ренжідім, менің аты-жөнім - Мұстафа Аңсаған Құрманғазықызы, ал сіздердің менің қолыма ұстатқан бланкілеріңізде мені МУЪСТАФА АНЪСАГЪАН КЪУЪРМАНГЪАЗЫКЪЫ деп жазып қойған, мұны қолыма алған бойда жыртып тастағым келді, біраздан кейін ызаланып, өкпелеп жылағым келді, келесі күні ашуланып хат жазып отырмын. Бұл не деген масқара! Қазақ тілі - мемлекеттік тіл болғанына міне, 20 жылдан астам уақыт болды деп қуанып жатырмыз, сіздердің осы уақытқа дейін Қазақша шрифтті қолданысқа енгізбегендеріңіз, Қазақтың жерінде, елінде бизнес жүргізе отырып бұл елдің тілі мен заңына немқұрайлы қарағандарыңыз, менің атымды қалай болса, солай жаза салғандарыңыз менің намысыма тиіді. Тек менің емес, бүкіл Қазақ халқына бұндай әрекет ұнамайды деп ойлаймын. Ойланып көріңізші, мен сіздің банкінің атын «КазЪкомЪмерЪцбанкЪ» деп жазсам сізге ұнай ма? Үндемей қала аласыз ба? Бұндай сорақылықты екінші көрмейтін болайын. Бұл хаттың бір данасын сізге, көшірмесін БАҚ-на жолдадым.

Құрметпен,

қазақтың қара домалақ қызы - Мұстафа Аңсаған Құрманғазықызы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1036
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2586
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 726
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 686