Ұлттық аза күні: Бас мүфтидің үндеуі
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ,
ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ
Алматы облысындағы шекарамызда болған қайғылы оқиғаға байланысты
ҮНДЕУІ
Бисмилләһир рахманир-рахиим
Құрметті бауырлар, отандастар!
2012 жылдың 30 мамыр күні Қазақстан мен Қытай шекарасынан суық хабар жетті. Алматы облысының Арқанкерген бекетінде еліміздің тыныштығын, амандығын күзетіп тұрған 14 шекарашы мен 1 қорықшы балаларымыз бен бауырларымыз қапыда қаза тапқан. Соған байланысты елімізде 5 маусым ұлттық азалы күн жарияланды. Бүкіл халқымыздың қабырғасы қайысып, туымыз төмен түсірілді.
Осы қайғылы оқиғаға байланысты бүгін облыс, аудан, елді мекендердегі барлық мешіттерімізде олардың рухына қасиетті Құран аятын бағыштауға пәрмен бердім.

Адамзаттың асылы Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бір хадисінде: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз», - деген. Алла Тағала шекарада қайтыс болған іні-бауырларымыздың күнәсін кешіріп, қайғының артын қайырлы еткей! Қайтыс болғандардың туған-туыстарына, бүкіл Қазақстан халқына көңіл айтамын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да олардың жанұяларына көмек қолын созып, жәрдем беретінін мәлімдеймін.
Құрметті бауырлар!
Жаратушы Иеміз: «Бір ауыртпалықтан соң жеңілдік беремін», - дейді. Солай болғай деп дұға-тілек айтайық. Мұның бәрі Алла-тағаланың сынағы деп қабылдаймыз. Жалпы, адам баласы жер бетіне сынақ үшін жіберілген. Басқа түскен қайғыға сабыр ету, тек Алладан медет тілеу - ол да иманнан. Сол үшін сабыр сақтап, ұстамдылық таныту қажет!
Жаратушы Иемізден Отанымызда бұдан былай азалы күн болмауын, туы төмен түсірілмеуін тілейміз. Халқымыз, отанымыз аман болып, туымыз асқақтап желбірей берсін.