Казанцев: Бұл елде тіл мәселесі жоқ
Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев елдегі этносаралық келісім, тіл мәселесіне қатысты ойымен бөлісті.
"Этносаралық келісім, тіл мәселелері туралы ойыммен бөліскім келеді. Біздің елде бұл мәселе бойынша проблемалар жоқ. Әртүрлі ұлт өкілдері әрқашан бір-бірімен бейбіт өмір сүрді, өзара түсінісуде ешқашан проблема болған емес. Қазақ тілі үлкен рөлге ие болуда. Әртүрлі ұлт өкілдері үшін бұл өмірдің ажырамас бөлігі. Қазіргі кезде Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеуі таң қалдырмайды. Мұның бәрі эволюциялық жолмен, мәжбүрлеусіз жүріп жатыр", - деп жазды ол.
Ол Қазақстанда этносаралық қақтығыс жоқ деп санайды және жекелеген жағдайлар жағдайды сипаттамайтынын айтты.
"Біз бір-бірімізбен бейбіт өмір сүрдік, алдағы уақытта да солай жалғаса бермек", - деді ол.
Abai.kz