Біз -өз еліміздің патриотымыз
2012 жылдың 2 маусымы күні Облыстық Достық үйінің жетекшілігімен солтүстік жағалаудағы этнографиялық кешеннің амфитеатрында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған Облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің арасында «Біз - өз еліміздің патриотымыз» атты байқау өтті. Мерекелік шара «Улыбка» хореографиялық ансамблнің орындауындағы қазақ биімен ашылды. Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков мерекеге шараға жиналған қауымды мерекемен құттықтап, байқауға қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

«Біз - өз еліміздің патриотымыз» байқауының бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең сәлемдесу. Қатысушы командалар команданың атымен, өз эмблемасымен, ұранымен таныстырды. Екінші кезеңде рәміздер туралы қойылған сұрақтарға команданың капитаны және белсенді мүшесі жауап берді. Соңғы кезеңде қазақ тіліндегі патриоттық әндерден бақ сынады. Конкурсқа жас ерекшеліктеріне қарамай 10 жастан бастап, 60 жастан асқан этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Әзірбайжан этномәдени бірлестігінен «Бүркіт» командасы, неміс этномәдени бірлестігінен «Ландыш» командасы, шешен этномәдени бірлестігінен «Тұлпар» командасы, «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінен «Алтай алтын бесігім» командасы жарысқа түсті. Аталған 5 командалар байқауға жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. Қазылар алқасы байқау барысын жіті қадағалап, ақылдаса келе, әділ бағасын шығарды. Конкурс 10 балдық шкаламен есептелінді. Үшінші орынды әзірбайжан этномәдени бірлестігінің «Бүркіт» командасы иеленді. Екінші орын неміс этномәдени бірлестігінің «Ландыш» командасына, ал бірінші орын «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің «Алтай - алтын бесігім» командасына берілді. Жеңімпаздар алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан басқа командаларға да алғыс хатпен, ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.
http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=631:l---r&catid=1&Itemid=86&lang=kz