Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3821 0 пікір 24 Тамыз, 2021 сағат 11:40

2022 жылдың бюджеті: Қаржы қайда жұмсалмақ?

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары туралы айтты. Оның айтуынша, 2022 жылы республикалық бюджеттің кірісі 9,2 трлн теңгені, 2023 жылы - 9,7 трлн теңгені, 2024 жылы - 10,4 трлн теңгені құрайды.

2022 жылы 3,9%-ға дейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда. Номиналды ЖІӨ 2022 жылы 87,1 трлн теңгеден 2026 жылы 119,9 трлн теңгеге дейін өседі.

Бюджет тапшылығы 2022 жылы ЖІӨ -нің 3,3%-ынан 2024 жылы ЖІӨ-нің 2,5%-ына дейін кезең-кезеңмен төмендетумен жоспарланған. Сонымен бірге, көрсетілген кезеңдегі шикізаттық емес тапшылық ЖІӨ-ге 8,1%-дан 6,3%-ға дейін төмендейді.

Мәселен, 2022 жылы бюджет шығыстары ағымдағы жылдың жоспарынан 577 миллиард теңгеге артып, 15,9 триллион теңгені құрайды.

"Экономиканың нақты секторының дамуын қолдау үшін 2022 жылға шамамен 2 трлн теңге қарастырылған. Осы қаражат аясында "Нұрлы жол", "Нұрлы жер",  "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жалғасады", - деп қосты Жамаубаев.

Бюджет шығыстарының негізгі бағыттары экономиканың нақты секторының, кәсіпкерліктің, әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің, мәдениет пен спорттың, сондай-ақ қауіпсіздік пен құқық тәртібінің жоғары сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз ету болмақ. Бұл туралы министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383