Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 6642 7 пікір 30 Тамыз, 2021 сағат 12:24

Президенттік басқару жүйесі ме, парламенттік жүйе ме?

30 тамыз – Конституциясы күні!

Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы мемлекет Тәуелсіздігі жарияланғаннан соң, екі жылдан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Бұл Конституцияда мемлекеттік басқару түрі – парламенттік формада болады деп көрсетілген. Ал, Конституциялық сот – сот билігінің ең жоғары бұтағы ретінде қаралып, Конституцияны қорғаудың кепілі болды.

Алғашқы Конституция екі-ақ жыл қолданыста болып, өз қызметін тоқтатты. Қазіргі яғни, екінші Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйекте өз күшіне енді.

1995 жылы жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған Конституцияға бірнеше мәрте өзгерістер енгізілген. Соның ішінде, Конституцияның негізгі және тіректі, келелі мәселелері мен Президенттің, Парламенттің өкілеттіліктері туралы баптарына көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Атап айтқанда, күні бүгінге дейін Конституция 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары реформаға түскен екен.

Қазақ мемлекеттігінің тарихында дәстүрге негізделген, көшпелі өмір мәдениетіне үйлесімді, қоғамының патриархаттық-феодалдық құқығының басты ұстанымдары мен нормаларын басшылыққа алған Қасымханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және «Жеті жарғының» қай-қайсы да заманалардың күрмеуі көп мәселелерін шешіп, ел іргесін бекемдеуде маңызды рөл атқарды. Осы тарихи кезеңдерде жасалған дала заңдары бір-бірімен тамырлас, мәндес болып, негізінен жер мен жесір, әскери және қылмыс, мүлік пен шаруашылық аясында болып,  ел іші мен сыртындағы аса күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің өмір сүруін сақтап қалды.

Заңдардың түп атасы саналатын - Конституция мемлекеттің Тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айқындап, мемлекет құрылымдарының, азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсат, міндеттерін және құқықтарын көрсететін елдің басты құжаты. Ал ел тарихында Конституция бірнеше мәрте қабылданғаны белгілі.

Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл

Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді.

Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл

1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген.

Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл

ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:

- халықтық егемендік

- мемлекет тәуелсіздігі

- билікті бөлісу принципі

- қазақ тілін мемлекеттік деп тану

- Президентті мемлекет басшысы деп тану

- сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

Түйін. Қазіргі Қазақстанның саяси басқару жүйесіне парламенттік жүйе мен парламенттік жүйенің қайсысы тиімді болар еді? Талқылайық...

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282