Алматы облысында 5 ауыл мектебі пайдалануға беріледі
Алматы облысында жаңа оқу жылы басталғанға дейін 5 ауыл мектебі пайдалануға беріледі.
Жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. облыс бойынша жаңа және сапалы жабдықталған мектептердің құрылысы жалғасуда. Бұл мәселеге ауылдық жерлерде ерекше көңіл бөлінеді.
Мысалы, жаңа оқу жылына қарай 5 мемлекеттік мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Соның бірі, Іле ауданы Қарой ауылындағы орта мектеп. Жаңа оқу орны 900 орынға есептелген. Тағы бір мектеп Іле ауданының оқушылары үшін есігін айқара ашады. Ол Боралдай ауылында орналасқан. Мектепке 300 бала бара алады. Тапсырыс беруші-аудандық құрылыс бөлімі.
30 тамызда Қарасай ауданының Батан ауылында 450 орындық орта мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Мердігер "СП NEFT"ЖШС болып табылады.
Жаңа оқу жылының басталуына дейін Ескелді ауданының Абай ауылындағы 180 орындық орта мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуда.
Панфилов ауданында да жаңа мектеп ашылады. Аққұдық ауылында 120 орындық орта мектеп орын тепкен.
Ал 2021 жылдың соңына дейін 3 300 орындық тағы 4 мектептің құрылысы аяқталуы тиіс. Бүгінгі таңда олардың құрылысы Іле ауданының Қосөзен және Жапек батыр ауылдарында, Қарасай ауданының Үштерек ауылында және Талғар қаласында жүріп жатыр.
Биылғы жылы күрделі жөндеу 19 мектепте жүргізілсе, оның 10-ның жөндеу жұмыстары толықтай аяқталғанын атап өткен жөн. Оқу жылы басталғанға дейін 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. 2021 жылдың соңына дейін облыстың тағы 9 мектебіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.
Айта кетейік, алдағы оқу жылы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып өтеді. Вирустың балалар арасында таралуын болдырмау үшін барлық мектептер қауіпсіздік шараларын ұстанады. Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, 52 мыңнан астам мұғалім коронавирусқа қарсы вакцина алған.
Abai.kz