40 саяхатшы Абай еліне сапарға аттанды
Бүгін таңертеңгі сағат 07:30-да 40 саяхатшы Астанадан Абай елі - қасиетті Семей жеріне саяхатқа аттанды, деп хабарлайды BNews.kz
Саяхатшылардың қатарында: Абай тақырыбына байланысты ғылыми-танымдық сабақтарының үздіктері, Абайтанушы ғалымдар, республикалық «Абай оқулары» байқауының озаттары, «Абай биігі - ұлт биігі» атты жас суретшілер байқауының жүлдегерлері, «Құлақтан кіріп бойды алар» ән байқауының жеңімпаздары, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат өкілдері бар.
«Ұлылар мекеніне саяхат» деп аталатын сапар 11-14 маусым аралығын қамтиды. Астана қаласы бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы Қазақстан-Ресей университеті «Абайтану» ғылыми танымдық орталығы болып отыр.
Айта кетейік, алдағы уақытта тұрақты түрде жыл сайын ұйымдастырылып отыратын саяхат-сапар жас ұрпақты отансүйгіштікке, тарихын, елін-жерін тануға, рухани білім-біліктілігін арттыруға бейімдеу, ұлы ақынның өскен ортасын, тарихын таныстыруға бағытталған.
Сондай-ақ, саяхатқа шыққан автобус микрафон, теледидар сияқты құралдармен жабдықталып, оның маңдайшасына ұлы Хәкімнің суреті салынып, саяхат-сапардың аты жазылған. Автобустың ішіндегі осы арнайы құрылғылар арқылы Абай өлеңдері оқылып, әндері қойылып, Жидебай, Семейде ақын туралы деректі фильмдер көрсетілуде.