Шелекте жас былғары қолғап иелері бақ сынасты
Мауысым айының 7-10 аралығында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында балалар арасында бокстан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған турнир өтті.
Аталған шара «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы Орталық Кеңесі мен «Сұлтан» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
Турнирге еліміздің бірнеше облыстары мен қатар жақын шетелдердің командаларынан жалпы 108 бала сынға түсті. Атап айтар болсақ ШҚО Аягөз ауданынан, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы және көрші Қырғызстан мен Мьянма елінен спортшылар келді.
Бұл турнирдің өзгелерден ерекшелігі сол, оның ауылды мекенде өткізілуі. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, қалада өтетін сайыстарға қатысу ауылдық жердегі спортшыларға оңайға соқпайды.
-«Ауылды жерде көптеген талантты спортшылар бар. Соларды шыңдап, жігерлендіре түсу үшін осындай шараларды қаладан шеткері жатқан елді мекенде өткізуді жөн көрдік. Сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, спортқа баулу болып табылады», -дейді «Динамо» ДШСҚ Спорт басқармасының спорттық резерв бөлімінің бастығы Владимир Коломец.

Төрт күнге созылған 1994-2001 жылғы былғары қолғап иелері арасындағы сайыста Алматы қаласынан барған «Динамоның» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Мьянмадан 8 споршы келген, ақтық сынға олардың үшеуі өтіп, екеуі чемпион атанды.
Турнирдің Бас төрешісі Рахымжан Сыдықов аталған шараның өте жоғары деңгейде өткендігін айтады. «Жалпы бұл турнирдегі басты мақсат жастар арасында спортты насихаттап қана қоймай мемлекетіміздің өркендеп өсуіне зор үлес қосқан саяси қоғам қайраткері, еліміздің біртуар азаматы Дінмұхамед Қонаевты кеңінен таныстыру болып табылады», -дейді Бас төреші.
Сонымен қатар ол шеткері жатқан ауылды жерде мұндай шараның өткізу себебіне де тоқталып өтті. «Біз ауылды жерде осындай жарыстар өткізген сайын талантты балаларды танып, олардың бойындағы қабілетін дамыту үшін іріктеп алып отырамыз. Қазір оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шықты, бірақта біз жаттығу жұмыстарын тоқтатпаймыз. Алдағы тамыз айында осындай тағы бір турнир өткіземіз, егер онда спортшылар жақсы өнер көрсетсе Дарынды балаларға арналған спорт мектептеріне қабылдаймыз», -деп атап өтті өз сөзінде турнирдің Бас төрешісі Р. Сыдықов.
Бас төреші сондай-ақ турнирге спортшылардың үлкен дайындықпен келгендігін, Мьянма елінен келген өкілдер Қазақстанда спорттың бұл түрі өте жақсы жолға қойылғандығын мойындап, тәжірибе алмасуға шақырғандығын айтады. Алайда, қазіргі уақытта Қазақстандық бапкер Берік Қасымқанов сол жақта спорттың осы түрін дамыту үшін қол ұшын беріп жүр екен.
«Бізде спорттың бокс түрі жақсы жамыған десек болады. Жақсы бапкерлер де жетерлік. Ауыл жастарының көбі жұдырықтасуға иекемді. Бүгінгі турнирде жеңімпаз атанғандар 2016 жылғы Олимпиада ойындарынада чемпион атануы да ғажап емес. Өйткені, елімізден алғаш ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров атындағы турнирді өткізгенде Серік Елеуов секілді боксышыларымыз көзге түскен болатын. Ешкім бірден атақты спортшы болып кетпейді, бәрі осындай кіші туринрлерден көзге түсіп, тәжірибе жинайды. Сондықтан балалардың спортына көп көңіл бөлу қажет», -дейді Бас төреші.