Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2303 0 пікір 12 Маусым, 2012 сағат 06:48

«Көк туым – әнім»

Аяулы азамат, әнші-сазгер, ақын Ермұрат Зейіпханұлынан көз жазып қалғалы бір жылдың жүзі болыпты. 20 маусым күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ақынды еске алуға арналған «Көк туым - әнім» атты кеш өтпекші екен. Ермұраттың артынан ерген інісі Шаттық Батанды аз-кем әңгімеге тарттық...

- Кешке дайындық қалай? Кімдер ұйымдас­тырып, қолғабыс етіп жатыр дегендей...
- Ағамыздан алыстап қалғалы бір жыл болыпты. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді ғой, қима­дық, қиналдық. Қайтеміз, қолдан келер шара жоқ екен. Бар қолымыздан келері Ерекеңнің артында қалған мұрасын жинап- теріп, соған иегершілік ету. Ерекең поэзияда да, әншілік, сазгерлік жақта да біраз еңбек еткені жұртқа аян. 20 маусым күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Ерекеңді еске алуға арналған кеш өткізейік деп жатырмыз. Ұйымдастыру шараларын Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы мен Ерекең өзі жұмыс істеген ҚР Қорғаныс министр­лігінің орталық ансамблі мойнына алып отыр. Осы екі ұжымға да үлкен рахмет! Бұл еске алу кешінде Ерекеңнің әндері айтылады. Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетеді.
- Нақтылай айтқанда кімдер өнер көр­сетеді?

- Жалпы, Республиканың түкпір-түк­пірінен ниет білдірушілер аз емес. Ерекең көп ән жазған сазгер ғой. Бәрінің сол әндерді орындағысы келеді. Халқымыздың сүйікті әншілері Р.Рымбаева, М.Ілиясова, Р.Стам­ғазиев, Е.Шүкіман, Т.Құрманғалиев, Ж.Ыс­қақова, А.Жорабаева, А.Әліпқайыр, Н.Тұр­лыбеков, Б.Қожа, Қ.Бердібай секілді тағы да басқа өнер жұлдыздары өнер көрсетеді. Ерекеңнің аруағы өмірде, өнерде бірге жүрген жолдастарының осындай шараларға бір кісідей ат салысып, жүгіріп жатқанына бір аунап түсіп жатқан шығар. Жолдас, қаламдас, ниеттес бауырларына да үлкен ризашылық білдіреміз.
- Билеттер сатылып жатыр ма?
- Ерекең өмірде ашық-жарқын, жомарт жігіт еді ғой. Ешкімнен жақсылығын аямайтын. Енді, сол мінезінің жақсылығын інілері біз көріп жатырмыз. Ақшалай болсын, басқалай болсын жәрдемдесіп жатқандар аз емес. Билет сатылмайды, келем деушілерге есік ашық. Барлық­тарыңызды сол жерден күтеміз.
- Кеш сәтті өтсін!

Есбол Нұрахмет

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437