Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Билік 3813 1 пікір 1 Қыркүйек, 2021 сағат 17:42

Нұрлан Нығматулин: депутаттық корпустың басты мақсаты – Президент Жолдауын сапалы заңдармен қамтамасыз ету

Мәжіліс депутаттарының басты мақсаты – Жолдауда айтылған барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетінші шақырылымның екінші сессиясындағы алғашқы жалпы отырыста айтты.
Президенттің кезекті сессияны ашып, Парламент қабырғасында халыққа арнаған Жолдауын жариялағанын алға тартқан Палата Спикері:
-Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы - Қазақстанымыздың тұрақтылығын сақтай отырып, одан әрі дамытуға арналған Стратегиялық Құжат. Себебі, Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсіп - өркендеудің нақты жолдары, нақты қадамдары көрсетілді,- деді.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Жолдауда әсіресе, агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтар дамуы және басқа да бағыттарды нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Cонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы бюджет-қаржы жүйесін жақсарту, елді саяси жаңғыртуды жалғастыру сияқты міндеттерге де назар аударып, осы тапсырмалардың барлығы Парламенттің алдағы кезеңдегі заң шығару жұмысы үшін де айқын бағыт бергенін атап өтіп, Мәжіліс депутаттарына, Қазақстан Президентінің Жолдауында белгіленген елді жүйелі жаңғырту үшін мықты заңнамалық базаны сапалы және жедел құру қажеттігіне тоқталды.
Мәжіліс Спикері депутаттар қарауындағы заң жобалары туралы айта келіп, қазір палатада қаралып жатқан өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасына, ел Президенті әзірлеп, қабылдауды тапсырған агломерацияны дамыту, кәсіби біліктілік туралы заң жобаларына да назар аударды.

Нұрлан Нығматулин алдымызда әлеуметтік Кодекс жобасымен жұмыс тұрғанына, осы және басқа да заң жобалары бойынша барлық жұмысты, әдеттегідей, ашық және транспарентті түрде жүргізетінін, оған азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің белсенді түрде қатысуымен өткізілетін атап өтті.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 963
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2474
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644