Сенбі, 23 Қараша 2024
3114 3 пікір 3 Қыркүйек, 2021 сағат 13:01

Түркіменстан такси жүргізушілерінің көліктерін тәркілеуде

Түркіменстанның аймақтардағы полиция департаменттері Ашхабадқа жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан адамдардың көліктерін уақытша тәркілеуде. 

Тәркіленген көліктерді не қазан айында, не карантин аяқталғанда беруі мүмкін. Алайда Түркіменстанда ресми карантин жарияланбағандықтан, көліктерді кері қайтаруы да екіталай.

Ел тұрғындарында вакцинация туралы куәлік, COVID-19 үшін теріс тест және рентген болса Ашхабадқа кіре алады. Оның өзінде қалаға себепсіз кіруге тыйым салынған. Үш жағдайда Ашхабадқа кіруге болады, олар: туысы қайтыс болса, жұмыс сапары және емделу мақсатында.

Түркіменстан хроникасы бұған дейін бірнеше рет хабарлағандай, теміржол қатынасының тоқтатылуына байланысты ел тұрғындары аймақтар арасында заңсыз таксиде жүре бастаған. Шөл арқылы бір аймақтың жүргізушілері полиция бекеттерін айналып өтіп, жолаушыларды басқа облыстың шекарасына жеткізеді. Осылайша іске асқан шаралар, енді көлік тәркілеу арқылы тоқтатылмақ.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377