Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1936 0 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 16:39

Алматы облысында карантинді бұзғандарға айыппұлдар салынуда

Алматы облысында карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды. 

2021 жылдың 14 сәуірінен облыс аумағында "Ashyq" пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл пандемия кезінде бизнес субъектілерінің жұмыс жасауына жеңілдік берді.

Қазіргі кезде өңірде 8265 нысан жоба арқылы өз қызметтерін жалғастыруда. "Аshyq" жобасын енгізу басталғаннан бері мониторингтік топтармен 4376 нысан қамтылды. Соның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған 994 нысан анықталды.

QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 1867 келуші анықталды, оның ішінде "қызыл" мәртебе 1507 келушіде, "сары" мәртебе 621 келушіде анықталды. Еңбекшіқазақ, Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ аудандарында, Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалаларында 2 975 340 теңге сомасына 68 әкімшілік жаза қолданылды.
«Ashyq-тағы» көрсеткішлер аймақта әлі де эпидахуалдың оңалмағандығын айқындап отыр. Соңғы тәулікте 279 адамның вирус жұқтырғаны анықталып отыр.

Қазіргі кезде коронавирустан қорғану мақсатында екпенің І компонентімен 690 743 мың адам егілді, вакцинаның екінші бөлігін 574 047 тұрғын қабылдады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381