Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1028 0 пікір 7 Шілде, 2021 сағат 13:47

Саяси бағыттың сабақтастығы 

Биыл еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы әрбір Қазақстан азаматының ерекше назарын аударды. Өйткені, бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемия қазақ елі үшін де оңайға соқпағаны анық.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аударып, нақты тапсырмалар берді.

Соның ішінде, алдымен Президент елдегі мемлекеттік бағдарламалар мен шенеуніктер санына тоқталды. Ол елдің көлемді емес, халық түсінетін ықшам мемлекеттік бағдарламаларға көшу керегін ескертті. Шенеуніктер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырып: «Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз», - деді. Ал үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылатынын айтты.

Сонымен қатар, стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі құрылады деді. Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай орган Қазақстанда бұрын да болған және өз міндетін толыққанды атқарып отырған. Енді аталған агенттік қайтадан мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталығына айналмақ. Агенттік тікелей президентке бағынады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктердегі жауапты хатшылар институтын таратуды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл құрылым өзін ақтамады деп санайды.
Сонымен бірге, Қазақстанда төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Ішкі істер министрлігі құрылымын өзгерту ведомствоның тиімділігін арттырады. Тағы бір маңызды мәселе, келесі жылы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өткізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Қоғамдық пікір сауалнамалары халықтың ауыл әкімдерін сайлауға тікелей қызығушылығының артқанын көрсетті. Бұл маңызды қадамды жан-жақты және дәйекті түрде қарастырған жөн. Біз бұл жүйенің қалай жұмыс істеу керектігін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қарап отырсақ, шындығында, біз, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.

Рустам Сағадиев, саясаттанушы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379