Қазақстанда жемқорлықтан келген зиян 10,4% - ға өсті
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан келген зиян бір жыл ішінде 10,4% - ға өсті. Бұл туралы LS хабарлады.
Құқықтық статистикаға комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың тамызында сыбайлас жемқорлық қылмыстардан келген шығын 7,4 млрд. болған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 6,7 млрд теңгені құраған еді. (+ 10,4%).
Бұл ретте тамыз айында ауыр қылмыстардан болған зиян - 6,4 млрд. болса, орташа ауыр қылмыстардан келген залал - 22,6 миллион теңге, жеңіл дәрежедегі қылмыстардан - 854,4 миллион теңге зиян келтірілген.
Алаяқтар бір айда шығындарын 6,8% -ға, яғни 138 млн теңгеге дейін ұлғайтты. Соған қарамастан, ең үлкен зиян лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудан болған. Келген зиян мөлшері - 6 млрд.теңге. Бұл ретте жалпы сомасы 5,6 млрд теңге өз еркімен өтелді.
Мемлекеттік органдар арасында қылмыстық істер бойынша 610 қылмыс тіркелген. Олардың басым көпшілігі (156) Ішкі істер министрлігіне тиесілі - Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің үлесіне 124 қылмыс, ал Қаржы министрлігіне - 28 қылмыс тіркелген.
Abai.kz