Биыл Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық жиналды
2021 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 11.8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 74.3% жиналды.
Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 8.7 ц құрап, 10.3 млн тонна астық бастырылды.
Осы жылдың шілде-қазан айларына жоспарланған 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынының 221,1 мың тоннасы немесе 56% тиеп-жөнелтілді.
Энергетика министрлігі мұнай өңдейтін зауыттармен(МӨЗ) 156 теңге/литр (189,0 мың теңге/тонна) бағасын белгіледі, операторлардың жеткізуін ескере отырып, өңірлерде орташа баға 177 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 11% - ға арзан (ЖҚС-198 теңге/литр).
Жалпы егін жинау науқаны штаттық режимде өтуде. Ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде аяқтап, астық жинау бойынша болжамдар толық орындалады деп күтілуде.
Abai.kz