Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2508 0 пікір 10 Қыркүйек, 2021 сағат 14:37

Ақсу ауданында тағы бірі ДШСК ашылады

ҚР Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауының аясында Алматы облысында бұқаралық спортты дамыту қарқынды жүзеге асуда. Алматы облысында бұқаралық спортты дамытуды бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде. Соның бір дәлелі аймақтағы 131 спорт нысандарының санының 131 бірлікке артуы. Қазіргі кезде өңірде жалпы саны 3718 спорт ғимараты жұмыс істейді.

Бүгінгі күні облыста 13 дене шынықтыру – сауықтыру кешені ел игілігіне қолданысқа берілді. Алдағы таңда Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында ДШСК құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Негізінен аймақта 54 спорт мекемелері бар. Облыстың аудандары мен қалаларының 45 спорт мектебінде 72 спорт түрімен 42 500 спортшы шұғылданады. Облыста дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 667 мың адамды құрайды, бұл облыс халқының 32% - ы құрайды»,-дейді Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.

Облыста жан басына қаржыландыру тетігін іске асыру мақсатында ағымдағы жылы спорт секцияларында 10 000 баланы қамту жоспарланған, бүгінгі күні спорт секциясына балаларға бару үшін 1334 ваучер берілді. Сондай-ақ, осы жылы облыстағы бұқаралық спортты дамытуға 21,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес облыс аумағында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер және біріншіліктер өткізіледі. Дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730