Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1899 0 пікір 12 Қыркүйек, 2021 сағат 14:43

Қаратал ауданына 709 млн инвестиция тартылды

Қаратал ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 7 айлық көрсеткіш ауыз толтырарлық. Осы уақытқа дейінгі түскен пайда 10 млрд. 581,5 млн. теңгені құрайды. Жалпы көлем индексі-102,6%. Ал, ауданында ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 709 млн. 170 мың теңгеге жетіп жығылады. Бұл туралы Қаратал ауданында өткен көшпелі баспасөз-мәслихатында мәлім болды.

Қазіргі кезде аймақта ауыл шаруашылығы дақылдары жиналу үстінде. Диқандардың еңбегі ақталып, жиналған өнімнің көлемі көз қуантады. Тарқатар болсақ, 2572 гектар жерден өнімділігі 14,2 ц/га болатын арпа жиналды, нәтижесінде жалпы түсім 3562,2 тоннаға жетті. Ал жаздық бидай 788 га жерге егілген болатын, қараталдық шаруалар толықтай орып алды. Бүгінгі күнге өнімділігі 13,1 ц/га құрайтын 1032,2 тонна астық жиналды.
Ерте көктемде үштөбе жерінде 1120 га аумаққа картоп өнімі себілген болатын, қазірге 1000 гектардан 21 900 тонна өнім жиналды. Көкеніске келер болсақ, 1854 га алқап бөлініп берілген еді. Оның 1450 гектарынан 47 850 тона көкеніс жинап алынды. Ал бақша дақылдарынан 18 533,5 тонна дақыл алынды.

Айта кету керек, ауданда тәтті түбір өсіруге бас мән берген. 2015 жылы ауданда қызылша алқабы 560 гектарды құрса, бүгінгі күні 14 00 геатрға жетіп отыр. Яғни, алқап көлемі 2,5 есеге артқан.

Аудан әлеуетіәнің негізгі кепілі болған ауыл шаруашылығы бағытында тер төгіп жүрген «Опытное» өндірістік кооперативі ауданда тұқым шаруашылығымен айналысатын жалғыз шаруашылық екенін атап өткен жөн. Мұнда элиталық күріш тұқымдарын сорттары: «Опытное», «Заря», «Суаг», «Пак-Ли», «Уштобинский» өсіріледі.

Ал, аймақтағы «Нам.Л» «Рем.С» «Ким.А» «Ан.В» «Жаһан», ЖШС «Алтын Қазына» шаруа қожалықтары суды үнемдеу технологиясы бойынша 400 га суғармалы жер телімдерінің, 200 га жаңбырлатып суғару және 200 га жер телімдерін тамшылатып суғару тәсілімен жұмыс істейді. Қажырлы еңбектің нәтижесінде алынатын өкім көлемі 3-4 есеге артып отыр.

Аудандағы мал шаруашылығы бағыта келе болсақ, басы жаңалықтардың бірі құны 125 млн. 838 мың теңге болатын сүтті-етті бағыттағы буаз құнажындарды жерсіңдіру. Аталған құнажын Германиядан алып келінген. Жалпы саны 96 басты құрайды. Асыл тұқымды мұндай құнажындарды «ТастобеАгроФуд» ЖШС алып келген.

«Коктал Жаркент» ЖШС болса, 89 бас ұрғашы таналарды 8 млн.074 мың.т. сатып алған. Бұл да аудандағы мал шаруашылығына түсер пайданы арттыруға жасалған жұмыстардың бірі.

Бүгінгі күні, Аудан бойынша 1202 ауыл шаруашылығы техника тіркелген, оның ішінде трактор 744, комбайн 88, тіркемелер 255, жол құрылысына арналған техника 115 дана бар.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы жерінің көлемі 380 мың 382 гектар. Оның 21 мың 601 га суармалы егістік, 352 мың 401 га жайылымдық, 1 188 га шабындық жерлер, 42 га көп жылдық екпелерге жатады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475