Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2006 0 пікір 13 Қыркүйек, 2021 сағат 14:50

Алматы облысында халықтың 90%-ы екпенің бірінші бөлігін алды

Алматы облысында халықтың 90%-ы екпенің бірінші бөлігін алды. Бүгінгі таңда Алматы облысында вакцинамен қамту жоспар бойынша 65% - ды құрайды. Балқаш (107%), Ақсу (103%) аудандарында егу аяқталды. Алайда, Панфилов (54%), Талғар (49%), Қаратал (47%) аудандарында егу жұмыстары төмен қарқынмен жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, өңірде вакцинаның бірінші компонентімен 711 мың (92%) адам егілсе, екінші компонентімен 594 мың (83%) тұрғын егілді. Азаматтардың кейбір санаттары үшін (негізінен мұғалімдер, әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер) міндетті вакцинацияны енгізді. Әкім орынбасарының айтуынша, вакцинация ерікті болуы керек, бұл аймақтарда енгізілген шаралар ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және COVID-19 таралуын тоқтатуға көмектеседі.

«Жыл басынан бері Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінің 773 685 дозасы келіп түсті. Оның ішінде 598 575 доза Гам Ковид Вак, 104 100 доза Sinopharm, 43 010 доза QazVac және 28 000 доза – КоронаВак.

Вакцинаның 2 компонентінен 701 310 доза алынды. Оның ішінде 526 200 доза Гам Ковид Вак, 104 100 доза Sinopharm, 43 010 доза QazVac және 28 000 доза – КоронаВак»,-деп атап өтті Батыржан Құлаймергенұлы.

Өңірде мектеп оқушыларына ерекше көңіл бөлінеді. Білім беру мекемелерінде карантиндік шаралар қатаң сақталады. Барлық мектептер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 200 млн.теңге бөлінді. Барлық білім беру объектілерінде "Ашық" бағдарламасы енгізілді. Бірақ, осыған қарамастан, коронавирустық инфекция жағдайлары мектептер мен балабақшаларда да тіркелген.

«Облыс педагогтарының 99,9% егілді. 56,9 мың мұғалімнің 50,1 мыңы екпе алды. 6,4 мың ұстазда медициналық қарсы көрсеткіші бар. КВИ жағдайларының таралуына жол бермеу мақсатында қалалар мен аудандардың санитарлық дәрігерлері облыстың 99 мектебінің 107-сыныптарында карантин енгізу туралы 99 қаулы шығарды және 2 153 оқушы мен мұғалімді үй карантиніне көшіру туралы шешім қабылдады», - деп бөлісті Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Айта кету керек, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық ұйымдарда жеке қорғану құралдарының айлық қоры және дәрі-дәрмектердің азаймайтын қоры бар. Облыста 15 зертхана жұмыс істейді, жалпы қуаттылығы 9 мың зертханалық зерттеулерді құрайды. 13 қыркүйектегі жағдай бойынша ПТР әдісімен 944 582 адам зертханалық тексеруден өтті, оның ішінде 16 486 медицина қызметкері. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92,1 млн.теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475