Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 5064 12 пікір 14 Қыркүйек, 2021 сағат 16:21

«Меморандум – келісімшарт емес»: министр не дейді?

Қазір қазақ қоғамы, Қазақстан қоғамы ҚР Үкіметінің Ресейлік СБЕР компаниялар тобымен жасасқан «электронды үкімет» (eGov) платформасын жасау туралы, Қазақстанның цифрлық трансформациясы бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы Меморандумды қызу талқылауда.

Аталған Меморандумға 3 қыркүйеккүні, Шығыс экономикалық форум аясында қол қойған. Қол қоюшылар: ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен СБЕР компаниялар тобының басшысы Герман Греф. Бұл процесске Қазақстан және Ресей Президенттері куә болған.

Жоба 5 жылдылға арналғанын, құны – 500 млн доллар болатынын ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрі Бағдат Мусиннің өзі мәлімдеген.

талған келісім туралы осыған дейін еш жерде, ешбір саяси, қоғамдық мінберлерде, ешбір ақпарат көздерінде айтылған жоқ, талқыланған жоқ. Сондықтан да, қазақ қоғамы, Қазақстан қоғамы, аталған сала мамандары бұл жобаға қарсылық білдіруде. Сарапшылар мен қоғам белсенділері ҚР Үкіметінің бұл шешімі – Қазақстан үшін, оның Тәуелсіздігі мен азаматтарының қауіпсіздігі үшін қатер төндіретінін айтып, дабыл қағуда. Қоғамда «eGov порталы Ресейдің бақылауына өтеді», «Қазақстандықтардың барлық жеке деректері Ресейге қолжетімді болады», деген пікірлер айтылуда.

Бүгін осы және өзге де сауалдарға қатысты ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жауап беріпті. Сонымен, министр Мусин бүйдейі:

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрі:

- Әлеуметтік желілерде туындаған сұрақтарға барынша бір пост арқылы түсініктеме беріп, ақпарат тапшылығына және бұрын айтылған ақпараттың дұрыс түсіндірілмеуіне байланысты пайда болған көзқарастардың басын ашқым келеді.

Біріншіден, eGov.kz порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді!

«Қазақстандықтардың барлық деректері Ресей Федерациясына қолжетімді болады» деген түсінік қисынсыз.

Неліктен? Қазақстанда Тәуелсіздік алғалы бері шетелдік құрылымдарда жұмыс істейтін көптеген мекемелер бар, десе де олардың бәрі біздің мәліметтерді ала алады деген сөз емес.

Электрондық үкіметке келетін болсақ, бұл жерде біреу біреуге ақпарат береді деген сұрақтың туындамауы да керек. Жалпы, eGov.kz не екенін қысқаша түсіндірейін.

eGov - бұл барлық мемлекеттік базалармен құрсым арқылы қосылған «витрина» ғана. Бұл базаларға немесе жүйелерге ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды! Өткен айда басталған талдау қазақстандық мемлекеттік секторда 400 + ақпараттық жүйе бар екенін көрсетті. Бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік базасы сияқты ірі базалардан бастап, олимпиада жүлдегерлері тіркелген шағын базаларға дейін.

Ағымдағы кезеңде біздің міндетіміз - әртүрлі технологияларда жазылған, кейде бағдарламашы этикасы мен ескірген құжаттамасыз жүздеген жүйелердің орнына, барлық деректер бірыңғай платформада реттелген және түсінікті болатын ондаған жүйелерге өту. Қазір eGov-ты миллиондаған ескі құрылғылармен салыстыруға болады, олардың орнына біз сапалы заманауи технологиямен жабдықталған платформаны орнатқымыз келеді. Біз халық үшін де, экономика үшін де барынша оң нәтиже алу мақсатында цифрландырудың «құрақталған» моделінен тұтас платформалық моделіне өтетін кез келді.

IT саласындағы кез келген шешім, әсіресе халықаралық шешім кибер қалқан мен азаматтардың мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың ұсынымын ескере отырып қабылданады. Біз Қазақстан тарапы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық қолдауды талап ететін вендор сияқты болуы керек деген талап қойып отырмыз. СБЕР барлық қолжетімділікті бере отырып, барлық компоненттердің бастапқы кодтарын көрсетеді және барлығын Қазақстандағы серверлерге орналастырады деп келістік.

Екіншіден, бөлінетін 500 млн-ның барлығы СБЕР-ге жұмсалмайды.

Меморандум – келісім-шарт емес. Үкімет цифрлық трансформация мүмкіндігін қарастыратын меморандумға қол қойды, оның бағалау құны шамамен 500 млн.

Бұл не деген сөз? Бұл аталған соманың бір бөлігі жергілікті IT нарығына инвестицияланатынын білдіреді. Бұл қаражатты қазақстандық компаниялар платформалық тәсілді енгізу бойынша жұмыс шеңберінде жұмсайды. Соманың екінші бөлігі - инфрақұрылымдық шешімдерге кетсе, үшінші бөлігі ғана СБЕР-ден шешімнің өзін сатып алуға арналатын болады.

Үшіншіден, платформалық модельді енгізуге Қазақстанның IT компаниялары міндетті түрде қатысады.

Платформалық модельді енгізудің таныстырылымы мен талқылауы қоғам белсенділері мен IT нарық өкілдірінен тұратын сараптамалық комиссиямен (70-те 30) бірлесіп өтетін болады. Ниет білдірушілер жекеге өз байланыс мәліметтерін қалдыра алады, сараптамалық кеңес тізімін жасау кезінде ескеретін боламыз. СБЕР платформаның жұмыс істеуін көрсетіп, оқытатын сарапшылармен сессиялар ұйымдастырады, содан кейін ғана біз платформада жұмыс істейміз. Бұл жобаны іске асыруға біздің IT компаниялар жұмылдырылады.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450