Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
3627 1 пікір 16 Қыркүйек, 2021 сағат 12:11

АҚШ әскері Сириядан кете ме?

АҚШ әскері АҚШ президенті Джо Байден билігі аяқталғанға дейін Сириядан кетеді. Бұл туралы Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңестің сарапшысы Алексей Наумов айтты.

Наумов Америка Құрама Штаттарының Сириядағы мүдделерін әскери жолмен емес, дипломатиялық құралдармен қорғай бастайтынына сенім білдірді. Наумовтың айтуынша Америка Құрама Штаттары Башар Асад режимін оқшауландыруға әлі кіріспейді.

"АҚШ Сирия-Ирак шекарасындағы жағдайды бақылауда ұстайды, күрдтерге қолдау көрсетеді, ДАИШ пен ираншыл күштердің орналасуына жол бермейді. Вашингтон Асадқа күрдтер басып алған мұнайға бай аумақты иемденуге рұқсат бермейді" дейді сарапшы. Ол АҚШ алдағы уақытта Сириядан кетіп, әскери операцияларды әуеден соққы жасау арқылы ғана жалғастыратынын атап өтті.

10 тамызда АҚШ Қорғаныс министрінің Таяу Шығыс бойынша көмекшісінің орынбасары Дана Строул АҚШ әскерлері Сирияның солтүстік-шығысында қалуы керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ДАИШ-пен күресуде одақтастарға көмектесу үшін қажет.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1381
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2961
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1026
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 964