Жапонияға жойқын тайфун жақындап келеді
Гучол тайфуны Жапония жағалауларына сағатына 45 шақырым жылдамдықпен жақындап келеді, деп хабарлайды Корреспондент.net елдің Бас метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап.
Қазір тайфун Жапонияның оңтүстік-шығыс жағалауларына жақын маңнан өтіп жатыр, ал кешке қарай Хонсю орталық аралына жетеді. Тайфунның орталығындағы қысым 960 гектопаскалді құрайды.
Метеорологтар тайфунның жақындауы нөсер жаңбырға себеп болуы мүмкін екенін ескертеді - жауын-шашын деңгейі сағатына 80 мм-ді құрамақ.
Әдетте, тайфун мезгілі жаздың соңы - күздің басы болып есептеледі. Соңғы рет маусым тайфунынан Жапония сегіз жыл бұрын қатты зиян шекті. Метеорологтар дәл осы маусым тайфуны ерекше күшке ие деп есептейді. Өткен жолы бес адам табиғи апаттың құрбаны болса, 100 адам жарақат алды.
Сейсенбі таңертең 80-ге тарта авиарейс кейінге қалдырылды, олардың саны артуы әбден мүмкін.
Еске сала кетейік, кеше Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды.
Дереккөз: BNews.kz