Сенбі, 23 Қараша 2024
2594 1 пікір 21 Қыркүйек, 2021 сағат 11:27

Элизабет Тұрсынбаева спорттан кетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлады. Бұл туралы мәнерлеп сырғанаушы Instagram-дағы парақшасында хабардар етті. Басты себебі ретінде бел жарақатын айтты. 

Элизабет Тұрсынбаева - 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері, 2017 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы төрт құрлық чемпионатында екінші орын алған.

Тұрсынбаева соңғы рет 2019 жылдың тамызында Шанхайда өткен турнирде өнер көрсетті. Осы жылдың сәуірінде Қазанда өткен Этери Тутберидзе шоуына да қатысқан болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383