Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2948 0 пікір 21 Маусым, 2012 сағат 10:08

Қажымұқан Ғабдолла. «Қазақ қорғанын» қалай құрамыз?

Азулы Американың өзін «Shaina taune» қаласымен «тізе бүктірген» бұл қарақұрымың «Ақыр заман болғанда, жердің бетін қара қытай қаптайды» - деп, қазақ бабамыз айтпақшы, тыншитын емес-ау... Соғыс өнері туралы қытай ғұламасы Сунцзы: «Жауы мен өзін жақсы білетін ел - жүз соғыста да жеңілмейді. Жауын жақсы білмейтін, бірақ, өзін жақсы білетін ел - бірде жеңіп, бірде жеңілетін болады. Ал, жауын да, өзін де жақсы білмейтін ел - әрдайым жеңілетін болады» - депті...

Жер бетіндегі алты адамның бірі - қытай. Осыдан 25 жылдай бұрын Қытайда «Бiр отбасыға - бiр бала» саясаты қатаң күшіне енгізілгенімен, мінеки, бүгінде сол «бала шектеу реформасының перзенттерi» отбасын құратын жасқа толды. Дегенмен, елде қыздар аса тапшы. Сондықтан, көрші елдерге қарай Қытайдың демографиялық тасқыны басталғалы тұр...

...Қытайдың экономикасына «жан бітіріп», инвестиция тартатын да шетелдегі қытайлықтар. Мысалы, Астананың өзегінде қытайдың сұстылығын состиып дәлелдейтін «Пекин палас» қонақ үйі қақшиып, аспанмен таласып тұр. Мұнда тәулігіне 1000-ға тарта қытай азаматы қонып-түстенетін көрінеді. Алматыда бұл деректі 5-6 есеге көбейтуге болады. Алматы қаласында қазіргі күні Қазақстанның төлқұжатын алған 7000-нан аса азамат емін-еркін тайраңдап  жүр. Алматыда зәулім де заһарлы «Алтын айдаһар» мейрамханасы, жүзден аса қытай кафелері мен мейрамханалары, 300-ге тарта бірлескен кәсіпорындар, 2 қытай банкі, 50-дей жанар-жағармай құю бекеттері, Мәдениет орталығы, Қазақ Ұлттық университеті жанында Қытай тілі орталығы, Конфуций институты, Ялянь сауда орталығы, Си Синхай, Бианху көшелері, Барахолка және Сауран сауда орталықтарында қытайлықтардың бірнеше жүздеген сауда нүктелері бар. Ол-ол ма, қытай және орыс тілдерінде Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған «Хасакэсытань хуацяо бао» деген газет шыға бастапты...

...Тарамыс тарих қатал да шыншыл. Бір заманда қайсар көшпенділерден қорыққан қытайлықтар «Қытайдың ұлы қорғанын» салған еді. Күн сайын құмырсқаша көбейген қара нөпірден қалай қорғансақ екен?!.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349