Амангелді СЕЙІТХАН, журналист, спорт комментаторы: Сөздің киесін түсіну керек
- Қазақ тележүргізушілерінің шетелден үйренері бар ма?
- Меніңше, үйренерінен гөрі, үйретері мол. Себебі қазақы иірім, қазақша түсінік басқа ұлыс пен ұлтта жоқ. Қазақ - сөзге өте шешен халық. Тіпті адамзаттың ақылдысы Абайды Тобықтының бір шалы бір-ақ ауыз сөзбен тоқтатқан. Сондай халыққа кім не үйретеді? Шын қазақтан шетелің үйренуі керек.
- Қазіргі жас тележүргізушілердің арасында көңіліңізден шығатыны кімдер?
- Бізден кейінгі буыннан көзге түскені - Қасым Аманжол. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады. 80-90-жылғы телевизиямен салыстырғанда, қазақ телеөндірісі өте құлдырап кетті. Сөздің қасиетін түсінер тележүргізушілер бар ма, жоқ па, ойланарлық сауал.
- Мұндай құлдырауға не себеп деп ойлайсыз?
- Берекесіздік. Өз ұлтына мұрыншүйiре қарағандық. Телевизияға дарынсыз басшылардың топтасып келуі. Журналистикада сұрыптаудың дұрыс жүрмеуі.
- Көгілдір экранда әншілердің, атақтылардың шығуы көптеп белең ала бастады. Осыған қалай қарайсыз?

- Қазақта «Ит жоқта, шошқа үреді» деген мақал бар. Сондықтан да дарынды әнші болсын, ол журналист емес. Оның қоғамдағы рөлі, атқаратын қызметі мүлдем басқа. «Ақылыңа айырбаста күлкіңді, қайтесің сол күлкі деген шіркінді. Бейқам күліп өспеген соң өз басым, Ұнатпаймын сол күлкіні біртүрлі» дейді Мұқағали. Төрт қағазды сексен екі дубльмен жазып жүрген әншілердің беті жылтырап көрінгенмен, телеөндіріс маңында жүрген режиссердің жүйкесін жұқартып, оператордың бүкіл қан-сөлін ішіп біткендер.
- Біраз елді аралаған журналиссіз. Сіздіңше, қай елдің журналистикасы дұрыс бағыт ұстанған. Қандай ерекшелік бар?
- Әр елдің журналистикасының ерекшелігі - өз отанына қызмет етуге, өз ұлтына жақсылық жасауға ұмтылады. Өзін-өзі жоқтайды, өзін-өзі іздейді, өзін-өзі дәріптейді. Абай айтқандай: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос».
- Жекеменшік телеарналардың қазақ журналистикасына пайдасы қаншалықты деп ойлайсыз?
- Жекеменшік телеарналар - қазақ журналистикасына шабылған балта. Олардың жіберетін дүниелерін ешкім көрмейді. Біздің көрермендерге арзанқол дүниелер ұнайды. Мысал үшін «Базар жоқты» алайық. «Базар жоқтың» бәдіктерін тыңдайды. Ал енді Құрманғазы, Тәттімбет туралы тұшымды дүние ұсыншы, көретін адам қалмайды. Аудиторияны түрік сериалдары тартып алды. Соның бәрі қазақ журналистикасының тамырына балта шауып жатыр.
- Тележүргізушілердің сөз саптауы, сөйлеу мәдениетіне журналистік тұрғыдан берер бағаңыз?
- Мен қазіргі тележүргізушілердің сөздерімен келіспеймін. «Толығырақ тілшіміз баяндайды» дейді. Ол неге «толығырақ» баяндайды, неге «толық» баяндамайды?! Артық қыламыз деп, тыртық қылатындар тіпті көп. Зейін Әліпбек, Жанарбек Әшімжандар қандай еді?! Сөзге ұста, жазғандары шымыр. Қазіргі тележүргізушілер Қазақстанға емес, қазақ ұлтына қызмет етуі керек. Сөздің киесін түсінуі керек.
- Әңгімеңізге рақмет.
Cұхбаттасқан
Арайлым РУСЛАНҚЫЗЫ
"Айқын" газеті