Сенбі, 19 Сәуір 2025
6232 7 пікір 30 Қыркүйек, 2021 сағат 15:50

Тағы бір министр қазақша сөйлеуден қашып жүр

Бүгін Мәжіліс «Каспий теңізін қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі» қарастырған. Оған жуырда ғана министр болып тағайындалған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев те қатысқан.

Министрлік ұсынған Халықаралық құжатты талқылау барысында депутат Жанарбек Әшімжан баяндама жасаушы министрге бірнеше сұрақ қойған (қазақ тілінде) және барлық сұраққа мемлекеттік тілде жауап беруді сұраған.

Бірақ, министр Брекешев өз ойым мемлекеттік тілде жеткізе алмайтынын айтып, орысша жауап беруді сұраған.

«Сұрағыңызға рақмет, мемлекеттік тілде жауап беруге кішкене қиналамын. Қазақша білмегендіктен емес, өз ойымды толық жеткізу үшін орыс тілінде жауап берейін», - деді Брекешев, сөзбе-сөз.

Онан соң төраға Нұрлан Нығматулин министр Брекешевке ескерту жасап, келесі келгенде қазақша сұраққа қазақ тілінде жауап беруге дайындалуды тапсырған.

«Сіз бізге бірінші рет келіп отырсыз, депутаттың қойған сұрағы да үлкен күрделі мәселе. Сіз парламентке келіп отырсыз. Сондықтан ендігіде қазақ тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап беруіңіз керек. Шетелде оқыдыңыз, ағылшын тілін білесіз. Енді туған елде жүрсіз, оған қоса министрсіз, сондықтан қазақ тілінде сөйлеу керек. Келістік пе?», - деді Нығматулин.

Министр: «Түсінікті, міндетте түрде», - деп жауап берді.

Ескерте кетейік, министр Серікқали Брекешев Үкіметтегі қазақ тілінде сөйлеуден қашқақтайтын алғашқы министр емес.

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына 10 қыркүйекте тағайындалған. Ол бұған дейін аталған министрлікте вице-министр қызметін атқарған.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4086