Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
3199 1 пікір 1 Қазан, 2021 сағат 16:12

Пекин Олимпиадасы жанкүйерсіз өтеді

Шетел жанкүйерлері Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыстарға кіре алмайды. Билеттер Қытайдың құрлықтағы бөлігінде тұратындарға ғана сатылады, бірақ олар коронавирус талаптарына сай болуы тиіс.

Халықаралық олимпиада комитеті осындай шешім қабылдады.

Бұған қоса, ХОК қаулысына сәйкес, вакцинаның екі дозасын да салдырмаған атлеттер Пекинге келген соң үш апта карантинде болуы тиіс.

Қысқы Олимпиада ойындары Пекинде 2022 жылдың 4 ақпанында басталып, 20 ақпанында аяқталады. Жанкүйерлер хоккей турнирін асыға күтіп жүр. Өйткені осы жолы, сегіз жыл үзілістен соң, Олимпиадаға Ұлттық хоккей лигасының үздік хоккейшілері қатысады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 451
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1678
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 423
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 403