Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3883 0 пікір 23 Маусым, 2012 сағат 19:46

Баспасөз ақпараты (Астана, 23 маусым 2012 жыл)

Ағымдағы жылдың 21 маусымында Ақтөбе қаласының Кирпичный кентінде белгісіз үш адамның жеке тасымалдаумен айналысқан автокөлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған болатын.

Сондай-ақ, олар оқиға орнына келіп, қылмыскерлерді ұстамақ болған полиция қызметкерлеріне қарумен оқ атқан.

Нәтижесінде жол полициясының инспекторы Темірбек Жақсылықбаев қаза болды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларымен шабуыл жасағандар анықталды, олар - 1991 жылы туған Жолмырза Бекбауов, 1994 жылы туған Ғабит Құрманқұл және 1989 жылы туған Ерназар Мырзағали.

Бүгін, 2012 жылғы 23 маусымда аталған тұлғалар Ақтөбе қаласындағы Краснощеков көшесі, №46 үй мекен-жайында анықталды.

Берілу жөніндегі бірнеше рет қайталанған ұсыныстарға көрсетілген мекен-жайда қоршауға алынған Бекбауов, Құрманқұл және Мырзағали қарсылық білдіріп, арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай қарулармен оқ ата бастаған.

Осыған байланысты, қылмыскерлердің екеуі қарсы атыспен жойылып, біреуі жарақат алды.

Жекелеген тұлғалармен таратылған жарылыстар және қылмыскерлердің адамдарды кепілдікке алғандығы туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.

Бейбіт тұрғындар арасында қаза болғандар мен жәбірленушілер жоқ, құқық қорғау органдарының бір қызметкері жеңіл жарақат алды.

Оқиға болған жерде шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

http://www.prokuror.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279