Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алашорда 5644 10 пікір 4 Қазан, 2021 сағат 11:58

Ұлт көсемі һәм қазақ бренді - әл-Фараби болу керек

«...әл-Фараби Кант пен Гегельден жоғары тұрады», деген немістің философы Освальд Шпенглер «Закат Европы» кітабында.

Адамзаттың екі ұстазының бірі (екіншісі Аристотель) Әбу Насыр ат түрк әл-Фараби заманындағы ғылым, философия, мемлекеттану, музыка, математика, астрономия т.б. барлық салаларда еңбек еткен соңғы энциклопедис ойшылдардың бірі.

әл-Фарабиден бір ғасыр кейін өмір сүрген Ибн Сина базардан оның кітабын сатып алып оқығанда басында ештеңе түсінбей, соңынан «жүз рет оқығаннан кейін» түсінгенін жазады.

XVIII ғасырға дейін оны Еуропа мен Ресей шіркеулерінде Августин, Аквинскийлермен қатар әулие санап, пір тұтқан.

Оның «Қайырымды қала тұрғындары...» туралы еңбегі Макиавеллиден алты ғасыр бұрын жазылған, мемлекеттану саласындағы алғашқы туынды болып табылады.

1150 жылдығын ЮНЕСКО атап өткен әл-Фараби әлем тарихындағы ең танымал 5-6 ғұламаның қатарына кіреді және оның ілімі араб елдерінің университеттерінде әлі күнге оқылады.

Біраз халықтар өздерінің ұлттық идеяларын әлемге тарату арқылы ұлтын әлемге кеңірек таныту мақсатында, мысалы немістер Гетені, ағылшындар Шекспирді, италияндар Дантені, қытайлықтар сол елге алғаш барған ғұндардың ұрпағы Конфуцийді өздерінің ұлттық көсемдері ретінде қабылдап, солар арқылы өздерін танытуда. Осындай, ұлттың ұлы тұлғасы арқылы елін әлемге таныту қолайлы жол болды.

Орыстар бір кезде Ломоносовты энциклопедис ғалым, ұлттың көсемі деп танып, оны екі ғасырдай уағыздағанмен, оның беделі ойлағандай болмады. Оны халықаралық деңгейде мойындамады. Архангельскден шыққан таза орыс демесең (көптеген деректерде І Петрдің баласы дейді), оның риторика, логика сияқты еңбектері ертедегі Грекияның ғылымын қайталау болды. Бұл таза орыстан шыққан ұлылардың жоқтың қасы екенін көрсетті. Пушкин - араб, Достоевский - белорус (арғы тегі түрік), Толстой т.б. түріктер...

Сөйтіп ұлт көсемі және ұлттық идеясы анықталмаған орыс халқы әлі күнге өздерінің Батысқа ма, Шығысқа ма, қайсысына жататынын анықтай алмай келеді. Мөде қағанның кезіндегі түркінің елтаңбасын алған Ресейдің екібасты бүркітінің бір басы Шығысқа, екіншісі Батысқа қарайды.

Орысқа еліктеген қазақтың жағдайы да мәз емес?!

Фарабидей ұлы тұлға Батыс елдері мен Ресейде жоқ. Ол мың жылда әлемдік бренд ретінде толығымен өзінің ұлылығын мойындатты. Өзбек пен әзірбейжанда әлем әдебиетінің классиктері Навои мен Низамилер, түріктерде Ататүрік бар.

Қазақты және түркіні әлемге танытуда әл-Фарабиден асқан тұлға таптырмайды. Түркі әлеміне кеңінен танымал Қорқыт, Абылай, Абай т.б. қаншама тырыссақ та, оларды әл-Фарабидей әлем қауымдастығы қабылдай алмайтыны аксиома!

әл-Фарабидің еңбектерін немесе оған сілтемені әлемнің барлық кітапханаларынан табуға болады. Мың жылдан астам уақыт өтсе де оның еңбектерін ұрпақтарының түсінбеуі өкінішті.

Ғылым мен технологияның заманы ХХІ ғасырда Қазақ халқы әл-Фарабиді ұлттың көсемі және Қазақстанның бренді етіп таңдау арқылы аз уақыттың ішінде елдің беделі мен халықаралық деңгейде танымалдығын арттырады. Сонымен қатар Фараби тұлғасы ел ішінде қазақ идеясының аясында ұйысуға яғни мемлекеттік институттардың дамуына зор әсер етеді.

Болашақта әлФараби түркі халықтарының брендіне айналатынына сенімдімін!

Ұлы бабамыздың аруағы ұрпақтары мен ұлтын қорғап жүрсін!

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570