Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3503 0 пікір 2 Сәуір, 2012 сағат 07:16

Семей қаласында серпіліс басталды

Семейдің бас жоспары жаңадан жасалатын болды. Мұндай құжат қалада шамамен 20 жылдай болмағандықтан, ғимараттар қалай болса солай салынып келген. Қаланың бұрынғы бас жоспары қайта құру кезінде өзінің маңыздылығын жоғалтқан. Өйткені онда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ескерілмеген.

Алматылық «Градо» ЖШС төрт жыл бойы осы жоспарды жасаумен айналысып, биыл оның жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Асхат Бәкіровтің айтуынша, жаңа бас жоспар бойынша Семей орталық, шығыс, батыс, солтүстік және оңтүстік болып бес ауданға бөлінеді. Қаланың орталық бөлігі теміржол бекетіне дейін кеңейтіліп, Казкрай ауданында көпқабатты үйлер салынбақшы. Полковничий аралында туризм мен спорт нысандары мен сауықтыру кешенін салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Озерки және Гранитный кенттерін, «Восточный» және «Холодный ключ» шағын аудандарын, Бобровка мен Мирный кенттерін қосатын үш көпір мен жүк автокөліктеріне арналған бір көпір салынады. Үлкен жүк көліктері қалаға кірмейтіндей айналма жол салу да қарастырылған.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3306
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5933