Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5092 12 пікір 4 Қазан, 2021 сағат 17:14

Ресей Қазақты құлына айналдыру саясатын жалғастыруда

Тарихқа қарап отырса Қазақты тілінен, сол арқылы ділі мен дінінен, дәстүрі мен болмысынан айырып барып құлына айналдыру саясатын Ресей кемі екі ғасыр бойында жүргізіп келеді. Онысы бірталай жеміс берді де. Атап айтқанда, 1820-1900 жылдар аралығында Қазақ өз жерінен қуылып оның шұрайлы алқаптарын орыс мұжықтары мен әскери жасақтары - казактар иеленді. 1900-1917 жылдарда Қазақ даласы Ресей империясының құрамында жаппай отарландыру мен орыстандыруға ұшырады. 1917-1930 жылдарда Қазақ халқының рухани сағы - рухани көшбасшылары түп-тамырымен жойылды. 1930-жылдарда Сталин мен Голощекин ұйымдастырған Ашаршлылық Қазақтың жартысына жуығын жалмады. 1940-1950 жылдары Қазақта қалған еркек кіндінің бір миллионы Ресей-Герман соғысына айдалып, жартысы қайтпады. 1960-жылдары сырттан келген миграция нәтижесінде Қазақ баласы өз Отанында 30 пайызға да жетпей ұлттық азшылыққа айналды. 1970-жылдары орыстандыру науқаны шегіне жетіп, дұрыс білім, ғылым, қызмет, карьера тек орыс тіліне байланды. Мәселен, ол кездегі ел астанасы - Алматыда болғаны екі-ақ қана қазақ мектебі қалды. 1980-жылдары қазақ жастары ашынып алаңға шықпаса, оның арты Ресей-Совет империясының күйреуіне алып келмесе не болар еді!? Құдай ондап жолымыз болды. Қазір Егемен ел болғанымызға 30 жыл толды. Қаншама күшенсе де Ресей Қазақты тілінен, ал онымен қоса табиғатынан айыра алмады. Айтпағым, кек қайтару емес мүлде, әзірше тағдырдың осы озбырына қарамастан тарихы кемі екі мың жылмен саналатын ұлты Қазақ, тегі - Түркі баласының өміршеңдігі. Ендеше дегенімізді жасай берейік. Оның ішінде Қазақ тілін асқақтату тұрғысынан. Бұл деген - заман заңдылығы және онымен келіспейтіндер кем дегенде аянышқа лайық.

Расул Жұмалы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566