Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5528 9 пікір 5 Қазан, 2021 сағат 14:18

Путиннің біліп, біздің білмейтініміз не?..

Белгілі саясаттанушы Санжар Боқаев әлгінде әлеуметтік желіге 2,5 минуттық кезекті видео сараптамасын жариялапты. Онда соңғы жылдары Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстың тым жақындасып кеткені жайлы өз пікірін айтады.

«Осы биыл, он айдың ішінде Ресей мен Қазақстан басшылары 19 мәрте кездесіп немесе телефон арқылы сөйлескен екен. Бұрын ондай тығыз қарым-қатынас болған емес», - дейді саясаттанушы.

2019 жылдың сәуірінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде ресейлік технологияның пайдаланып, АЭС салу туралы ұсыныс айтқан. Бұл ақпаратқа қазақ қоғам, Қазақстан қоғамы өре-түрегеліп, қарсылық білдірді. Көп ұзамай президент Тоқаев: «Халықтың пікірін ескермей, АЭС салу туралы шешім қабылданбайды», - деп мәлімдеді.

Ал биыл қыркүйектің басында өткен «Шығыс экономикалық форумында» Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болатынын айтып: «Қазақстанға АЭС керек», - деп сөйледі. «Әлемдің тәжірбиеге сай тиімді шешім бар. Ол – бейбіт атом. Оңай шаруа емес. сондықтан, сан алуан болжам мен эмоцияға жол бермей, ұтымды шеше білуіміз керек», - деді.

Ал қыркүйектің аяғында өткен 17-ші Қазақстан-Ресей өңіраралық форумында Ресей президенті АЭС мәселесін қайта көтеріп: «АЭС салу мәселесінде қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп мәлімдеді.

Осыған қатысты саясаттанушы Санжар Боқаев: «Путин: «Балқашта АЭС салу керек», - деп екі-үш мәрте ұсыныс жасаған болатын. Оны Тоқаев мырза тапсырма алғандай, іліп ала жөнелді. Сосын, Путин жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін де айтып өтті. Ал осы жобаға Қазақстан 415 мың гектар жерді бөліп қойған. Негізі бұл 4-5 мемлекеттің жеріне тән аумақ. Менің ойымша, назар аударатын мәселе – АЭС те, жолбарыс өсімі де дәл Балқашқа келіп тіреліп тұр. Ресей президенті Путиннің бірдеңені біліп, біздің білмейтініміз бар сияқты.

Енді картаны ашып қараңыз, Балқаш пен Байқоңыр бір деңгейде орналасқан. Қарапайым 5 сыныптың геометриясынан білетініміздей, бір сызықты өткізу үшін екі нүкте қажет. Дәл осы мәселе бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақсылап талдап, өз бағасын береді деп сенемін», - дейді.

Осыған дейін WWF бағдарламасының ОА бойынша директоры Григорий Мазманянц Тұран жолбарысын тірілту үшін Қазақстан бюджетінен қомақты қаражат қажет екенін айтқан еді. Сома – 14 млрд теңге шамалас болған.

«Қаражатқа келсек, біздің Үкімет жерді пайдалануға 120 млн теңгені бөліп, оны игеріп алған. Енді келесі жылдарға тағы 14 млрд теңге бөлмекші. Бұл жерде маған қызықтысы – халықты ойламаған билік, енді жолбарысты ойлап қалып па?», - дейді саясаттанушы Санжар Боқаев.

Боқаев мырза өз сараптамасында соңғы жылдары Қазақстанның ірілі-ұсақты шенділерінің Ресей президентінен түрлі марапаттар алуы жиілегеніне көңіл бұрады.

«Тағы бір айта кететін мәселе – соңғы жылдары бізде шенеуніктер Путиннің қолынан марапат қағазы немесе медаль алуы жиілеп кетті. Бұл дұрыс емес. Біздің шенділер марапатты біздің Мемлекет басшысынан алғаны дұрыс. Әйтпесе, олар қай мемлекет үшін жұмыс істеп жатыр? Құрметті ағайын, Қазақстанның шын мәнінде досы жоқ. Мемлекетаралық қарым-қатынаста ешқандай достық болмайды. Тек қана ұлттық мүдде болады. Сондықтан, сақ болуымыз жөн. Біздің Жеріміз, Тәуелсіздігіміз,  мәңгі құндылықтарымызды жоғалтып алмайық», - деп түйіндейді саясаттанушы.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570