Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2257 0 пікір 6 Маусым, 2012 сағат 09:31

Елбасы шырайлы Шығысқа жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандарда болды.

Қазақстан Президенті Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын  Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында «Өскемен арматура зауыты» акционерлік қоғамының жаңғырту және өндірістік қуатын кеңейту барысындағы жұмысымен танысудан бастады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Бүгінде кәсіпорында құбыр арматурасы, мұнай кәсіпорны жабдықтары және отын-энергетикалық кешені үшін өзге материалдар өндірісі жолға қойылған.

Одан кейін Мемлекет басшысы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыруға арналған көрмені аралап шықты. Содан соң Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің агроөнеркәсіп кешені мен тірек ауылын дамыту мәселесі бойынша Шемонаиха ауданымен тікелей телекөпір өткізді. «Камышинское» шаруа қожалығының басшысы Владимир Акулов Президентке өз кәсіпорнының  табысы туралы баяндап берді. Камышинка тірек ауылы болып табылады, осы ретте екі ауылдың тұрғындарының 70 пайызы «Камышинское» шаруа қожалығында еңбек етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет ауыл шаруашылығын дамыту үшін көп қаражат бөлініп отырғанын атап өтті.

- Мемлекет мал шаруашылығы саласына көптеп субсидия бөлуде. Ол қаржы сүт, ет өнімдері сияқты өндірісті ұлғайтуға бөлініп отыр. Ауылда өнеркәсіп өндірісі қарқын алғанын, жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Осы орайда, тұрғын үй салу, әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлу маңызды. Мұндай жобалар Қазақстан бойынша жүзеге асырылуда, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде В.Акулов Мемлекет басшысына агроөнеркәсіп кешеніне белсенді мемлекеттік қолдау көрсетіп отырғаны үшін рахмет айтты.

- 2011 жылдың қорытындысы бойынша біздің шаруашылық 350 миллион теңге көлемінде субсидия алды. Соңғы үш жыл ішінде біз 900 миллион теңгеге ауыл шаруашылығы машиналары паркін және жабдықтарды жаңаладық. Жалпы сомасы 230 миллион теңге болатын шетелдік фирманың сүтөткізгішін сатып алып, іске қостық. Сіздің Жолдауыңызды орындау аясында тірек ауылы атандық.  Камышинка ауылын дамытуға барлық қаржы көздері есебінен 53 жұмыс орнын ашумен бірге, 137 миллион теңге жұмсау жоспарлануда. Шаруашылықтағы жұмыскерлерге 3-5 миллион теңгеден пайызсыз несиелер беріледі. Жұмыспен қамтылғандардың басым көпшілігінің еңбекақылары жақсы. Мысалы, сауыншылардың жалақысы айына 120 мың теңгеге, механизаторлардікі 200 мың теңгеге дейін жетеді, - деді В.Акулов.

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев жасанды мұз төсемі бар жабық хоккей модулінде болды. Спорттық кешен «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің қаржылық қолдауымен салынған. Бұл нысан синтетикалық мұз төсемі бар бірегей спорттық алаң болып саналады. Онда шайбалы хоккеймен, конькимен және спорттың өзге түрлерімен жыл бойы шұғылдануға болады.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының соңында «КЭМОНТ» АҚ-да болып, заманауи технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып, электротехникалық жабдықтарды жобалау және дайындау жұмыстарын жүргізу қызметімен танысты.

Кәсіпорынның дайындау, сырлау және жинау цехы, технологиялық желі, заманауи станок тәрізді бірқатар өндірістік базасы бар.

«КЭМОНТ» АҚ дайындайтын электротехникалық жабдықтар түрлі өнеркәсіп салаларында: металлургиялық, атом, химиялық, тау-кен байыту, мұнайгаз, сондай-ақ ауыл шаруашылығында, энергожүйе нысандарында және тұрғын үй құрылысында қолданылады.

Салынған инвестицияның жалпы көлемі 377 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорында 500-ден астам адам еңбек етеді.

Қазақстан Президенті еліміздің экономикасы үшін мұндай кәсіпорының маңызды екенін ерекше атап өтті.

- Біз экспортқа бәсекеге қабілетті өнімдер шығарумен айналысатын осындай кәсіпорындарды көптеп ашуға тиіспіз. Бұл зауыттың жұмыс істеп тұруы Шығыс Қазақстан облысының индустиялық-инновациялық дамуын білдіреді. Мұнда түсті металлургия өнімдері шығарылады, уран кені өндіріледі, машина жасау өндірісі дамыған. Осы ретте әлеуметтік даму мәселесі ескеріледі. Бүгін мен мұз айдынын көріп шықтым, онда балалар жыл бойы спортпен шұғылдана алады. Облыста балалар мекемелерінің қамтылуы жоғары деңгейде екенін атап өтуіміз қажет. Қала шаруашылығы дамып келеді, аулалар мен көшелер таза. Жалпы алғанда, өңір серпінді дамуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сапардың қорытындысында облыс тұрғындарына табыс және мықты денсаулық тіледі.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381