Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
2595 0 пікір 13 Қазан, 2021 сағат 11:20

Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілдетуде

Жаңаөзенде мұнай өндіруші компанияның жүздеген қызметкері ереуілге шығып, бірнеше талаптарды қойды. Олар жоғары бонустар мен еңбек жағдайларын жақсартуды сұрап отыр. 

"ӨзенМұнайГазға" сервистік қызмет көрсететін "Кезби" компаниясының 500-ге жуық жұмысшысы кеше түнде жұмысты тоқтатты. Компанияның атқарушы директоры "ӨзенМұнайГаздан" алатын тариф аз, сондықтан қаражаттан үнемдеуге тура келеді деп ақталады.

Осыдан үш ай бұрын ереуілге шығып, 11 талап қойған "Кезби" компаниясының жұмысшылары кешеден бері жұмысты тағы да тоқтатты. Айтуларынша, жаздағы ереуілден кейін қабылданған шешім толық орындалмаған. Комиссия шешімі бойынша жалақы 50 пайызға көтеріліп, атқарылған жұмыс көлеміне байланысты 35 пайызға дейін сыйақы берілу керек болған. 500-дей жұмысшы қыркүйек айында сыйақыны берген жоқ дейді.

Бірақ жұмысшылардың наразылыққа шыққандарына бір тәулік өтпей жатып, компания бүгін сыйақы тағайындап, есепшоттарына ақша аударыпты. Алайда жұмысшылар әр ай сайын сыйақымызды ереуілге шығып талап ете алмаймыз, тұрақты түрде берілсін дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 910
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2359
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594