Алматы "алаяқтар" қаласы
Қазақстанда алаяқтық саны бір жыл ішінде 39%-ға артқан. Елдегі әрбір төртінші қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстың осы түрімен байланысты.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 31,9 мың қылмыс тіркелді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша бір жыл ішінде көрсеткіг 39%-ға артқан. 2020 жылдың дәл осы кезеңінде 23,4 мың алаяқтық фактісі тіркелген. Ағымдағы жылы интернет-алаяқтық барлық істердің жартысынан астамын құрады - жалпы жағдайдың 52% немесе 16,6 мың құқық бұзушылық осы негізге тән.
Сонымен қатар, төлем карточкаларын қолдану арқылы алаяқтық жасау саласында 266 қылмыстық құқықбұзушылық, 108 - қарызға алу, 31 - несие беру, әрқайсысының алтауы - жер құқықтық қатынастары саласында және жылжымайтын мүлікке қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар болсып саналады.
Жыл басынан бері елімізде барлығы 125,2 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 25,5%-ы "Алаяқтық" бабы бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар. Алаяқтық бойынша Алматы қаласы көш бастаса, аталмыш қылмыстың ең аз тіркелген аймағы Қызылорда облысы.
Abai.kz