Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3443 5 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 14:19

Ыбырай, Ахмет һәм "Дударбас"

Өтіңіз жарылып кетсе де айтайын... Біз ұлттың ертеңі үшін бар жауапкершілікті мойнымызға арта алмайтын буынның өкілдеріміз.
Алашордашыларды мысалға алыңызшы. Өздері - ұстаз, өздері - ғалым, өздері - журналист, өздері - ақын, өздері - жазушы. Қолынан не келеді, қолынан не келді, тек ұлтының ертеңі үшін барлығын жасады. Яғни, ағартушылық жолда, қазақты оятудың қамында жарғақ құлағы жастыққа тимеді.

Мен өзім журналист болғандықтан, алашордашылардың журналистік қырына көп мән беремін. Олардың әр мақаласы ұлттың жыртығын жамаудың жолдарын көрсетіп жатыр. Ал, біз бен сіз ше?
Біз банкке ақшасын төлей алмай, 5 қабаттан секіріп өлген қандасымыз жайлы жылт еткен ақпарат беруге мәстірміз. Ауыз суы жоқ, жарықсыз, жолсыз елдің айғайы мен шуын жырлауға келгенде ауыздыға сөз бермейміз. Барлық мәселені билікке әкеп тірейміз. Бірақ, ешқайсымыз да осы бір тығырықтан шығар жолды көрсеткен емеспіз. Көрсетуге қарым-қабілетіміз кемшін!

Мәселен, білім проблемасы - білім реформасы делік. Бұл проблеманы шешу, болашақ білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін басқа "жырды" жиып қойып, біз өзіміз бастауыш сыныптың мұғалімі болуымыз керек. Өйткені, қазір бастауыштың мұғалімі болатын кімдер? Мектепте нашар оқыған, жастайынан "байға тиіп кетпесін" деген ниетпен ата-анасы сүйрелеп жүріп оқытқан "шала сауатты" - бір "дударбас".

Бір кездері Ыбырай мен Ахметтер атқарған абыройлы қызметті сол "дударбасқа" тапсырып, баламыздың тағдырының тізгінін ұстатып отырмыз. Әліпті таяқ деп білмейтін о байқұстың алдына "білім инемен құдық қазғандай" деп балаларымызды "көгендеп" беруіміз - қазақтың тамырына балта шабу. Осыны түсіндірерлік тілі жоқ, рухы жоқ мына бізден не күтесің, келешек...

Қанат Әбілқайыр

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5622