Жексенбі, 24 Қараша 2024
1608 0 пікір 19 Қазан, 2021 сағат 10:25

Цой: Вакцинаның бірінші компонентін 8 млн адам алды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 8 млн астам адам алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Барлық өңірлерде ауру  деңгейі, ауыр жағдайдағылар мен стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандар саны айтарлықтай төмендеді.

Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 34%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі – 29%.

Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 8 млн астам адам, екінші компонентімен 7,2 млн жуық адам  егілді. Ұжымдық иммунитеттің 60%-ына қол жеткізу міндеті қойылды.

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл аймақта» Шымкент қаласы, Ақтөбе,  Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары, «сары аймақта»  Атырау, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «қызыл аймақта» Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

Қазақстанда тұмауға қарсы егу науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта 1,4 млн қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652