Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
3697 0 пікір 19 Қазан, 2021 сағат 13:13

Тәліптер Тәжік шекарасына содырларын жіберген

"Талибан" қозғалысы 130 содырын Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Шахрибузург уезіне жіберді.

Бұл туралы Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп хабарлады. Шахрибузург Тәжікстандағы Шамсиддин Шохин ауданымен шектеседі.

Дереккөздің мәліметінше, тәліптер онда "Ансоруллах" тобының содырлары мен Душанбеде халықаралық іздеу салынған "тәжік тәліптері" жіберілген.

"Махди Арсланның 130 содыры Файзабадтан Шахрибузургқа жіберілді. Тәліптердің 70 адамнан тұратын тағы бір тобы Шугнанға жайғастырылды", - деді Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономды облысының шекара басқармасының өкілі.

Шахрибузургда содырлардың көбейгенін Ауғанстанның бұрынғы әскери қызметкерлері де растайды.

"Бір күн бұрын Шахрибузургтағы жігіттермен сөйлестім. Олар "қонақтар" келгенін айтты. Мен кімдер деп сұрамадым. Олардың сөздеріне қарағанда, содырлар өте көп", - деді ол.

"Талибан" содырлары бір айдан бері Ауғанстанның Бадахшан провинциясында әскери жаттығу өткізіп жатқаны жөніндегі видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1060
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2607
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 740
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 703