Журналисттерге М. Жұмабаев атындағы алғашқы сыйлық берілді
Қазақстан журналистер одағы мен «BAUR Kazakhstan» компаниясы бірлесіп еліміздің солтүстік өңірінде тұратын журналистердің арасында Алаштың көрнекті тұлғасы, ұлы ақын, түркі әлемінің кемеңгері Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы сыйлық тағайындап, бәйге жариялаған еді. Аталған жүлдені қорытқан тәуелсіз комиссиясының шешімі бойынша, «Мемлекеттік тіл проблемалары» номинациясында «Тіл заңы неге қауқарсыз?» атты мақаласымен астаналық белгілі ғалым-журналист Қуандық Шамахайұлы жеңімпаз болып танылды.
Сыйлықты табыс ету салтанатты рәсімінде «BAUR Kazakhstan» компаниясының вице-президенті Сәкен Шәкіров жеңімпаз авторға арнайы диплом, ақшалай сыйақымен бірге ең соңғы үлгідегі брендтік тауар - ноутбук табыс етті.
- Мағжан Жұмабаев - түркі әлеміне ортақ тұлға, еліміздің әйгілі Сарыарқасында дүниеге келген солтүстік өңірдің тумасы. Кезінде көрнекті ғалым Әлкей Марғұлан оны ағылшынның Шекспиріне, орыстың Пушкиніне теңегені кездейсоқтық болмаса керек. Осындай әлемдік тұлғаның атындағы сыйлықты иелену зор мәртебе. Сондықтан, біз осынау аса жауапты істі Қазақстан журналистер одағымен бірлесе атқарып отырмыз. Енді мұны біз жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналдырып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар журналистерді анықтап, сыйлық тапсыратын боламыз - деді,

«BAUR Kazakhstan» компаниясының вице-президенті Сәкен Шәкіров.
Журналист Қуандық Шамахайұлының аталмыш жүлдені жеңіп алған мақаласы алғаш «Аbai.kz» порталында жарияланып, оны кейін «Түркістан» халықаралық апталығы, «Сот және мен» атты астаналық газет жарыққа шығарған болатын.
Жалпы өзге де әртүрлі 9 аталым бойынша бірқатар журналистер аталмыш сыйлыққа ие болғанын айта кеткен жөн.
Ермек БОЛТАЙ,
«BAUR Kazakhstan» компаниясының
баспасөз қызметінің жетекшісі
P.S.
www.abai.kz ақпараттық порталы ашылған күннен бастап сараптамалық мақалалар жазып, тұрақты авторымызға айналған халықаралық журналист, ғалым-ұстаз Қуандық Шамахайұлын алған жүлдесімен құттықтап, Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлыққа ие болар әріптестеріміздің қатары жыл сайын арта берсін деген тілек айтамыз.
www.abai.kz порталының ұжымы.
«Абай-ақпарат»