Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4148 0 пікір 2 Шілде, 2012 сағат 09:48

Көкшеде көл тартылып барады

 

Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жұмыстарымен жан-жақты танысып шықты. Байқап қарасақ, жұмыс жүріп жатыр - Щучье мен Бурабай көлдері айналысында зәулім ғимараттар бой көтеріп, қазақстандық «Лас-Вегастың» сән-салтанатын құруда. Дегенмен проблема да жоқ емес. Оның бірі - аймақтың инфрақұрылымы. Үкімет ақша бөлсе, Бурабай ауданының жаңа әкімі оның бәрін тындырам деп отыр. Екінші әрі маңызды проблема, ол - өзен-сулардың тартылуы. Оны шешпесек, судың жағасында салынып жатқан құрылыс нысандарының барлығы айдалада қалып қоюы әбден мүмкін.

 

 

Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жұмыстарымен жан-жақты танысып шықты. Байқап қарасақ, жұмыс жүріп жатыр - Щучье мен Бурабай көлдері айналысында зәулім ғимараттар бой көтеріп, қазақстандық «Лас-Вегастың» сән-салтанатын құруда. Дегенмен проблема да жоқ емес. Оның бірі - аймақтың инфрақұрылымы. Үкімет ақша бөлсе, Бурабай ауданының жаңа әкімі оның бәрін тындырам деп отыр. Екінші әрі маңызды проблема, ол - өзен-сулардың тартылуы. Оны шешпесек, судың жағасында салынып жатқан құрылыс нысандарының барлығы айдалада қалып қоюы әбден мүмкін.

 

Щучьенің жағдайы мәз емес

Вице-министр С.Ахметовтың жұмыс сапары Щучье қаласынан басталды. Шыны ке­рек, бұл жердің инфрақұрылымы әбден то­зып қалған. Үкімет басшысының орын­ба­сары да өз таңданысын жасыра алмады. «Бұған дейін жергілікті әкімдер не бітірді?!Мен соны түсінбеймін!», - деді ол арнайы кеңесте. Бүгінде Щучье қа­ла­сының жолдары әбден ескірген. Қа­лада дені түзу бір-ақ көше бар. Ол - Мұх­тар Әуе­зов атын­дағы орталық көше. Бі­рақ оның да то­зығы жетті. Соңғы рет бұл кө­­ше тоғыз жыл бұ­рын жөнделген еді. Бу­рабай ауданының жа­ңа әкімі Ғазиз Әлі­бидің хабарлауынша,  Щучье қала­сын­да 163 шақырым жолды күр­делі жөн­­деуден өткізу қажет. Оған 37 млрд тең­­ге керек. Болашақта қала жол­дарын ха­лықаралық талаптарға сай етіп салу жос­парланған. «Дегенмен респу­бли­ка­лық бюджеттің қолдауы болмай, ол мә­се­лені шешу мүмкін емес», - дейді әкім.

Сапар барысында С.Ахметов қаладағы жылу мәселесімен етене танысып, шағын бір қазандықты да қарап шықты. Оның да тозығы жеткен. Щучьеде ондай қазан­дық­тардың ұзын саны 43-ке дейін жетеді. Қала басшылығы оларды мазут негізінде істейтін модульдық қазандықтарға ауыстыруды көздеп отыр. Оған да біраз қаражат қажет. Мәселен, бір шағын ауданның қазандығын ауыстыру үшін 75 млн теңге керек. Құбыр­ға - 10 млн теңге, ал жылу желісін тарту үшін тағы 150 млн теңге қажет болады. Жа­ңа әкім Ғазиз Әлібидің хабарлауынша, бү­гінде қаладағы 43 қазандықтың жар­тысы қатты отынның негізінде жұмыс істей­ді. «Олар экологияға айтарлықтай нұқсан кел­тіруде. Бұдан басқа, жекеменшік тұр­ғын үйлердің пештері тағы бар. Енді  қа­раңыз, қаладағы 7 мың үйдің 300-і ғана ор­талық жылу жүйесіне қосылған. Демек, үй­лердің 95 пайызы өздігімен от жағып, жы­лынып отырады. Осының бәрі қоршаған ор­таға шығарылатын зиянды қалдық­тар­дың көбеюіне себеп болып отыр. Соңғы бес жылдың ішінде оның көлемі 25 пайызға артты», - дейді Ғ.Әліби.

Аймақтың басты проблемасы - өзен-сулардың тартылуы

Шортанды (Щучье) көлінің жағасында са­лынып жатқан туристік кешеннің бола­шақ жоспары көздің жауын алады. Құры­лыс жобасына сәйкес, бұл жерде мей­рам­ха­налар, дүкендер, ойын-сауық ор­та­­­­лық­­­тары болады. Қазіргі кезде осы құ­ры­­лыс нысанының қаңқасы дайын. Ал жа­қын жерде үлкен гольф клуб ашылады. Осы­­­ның бәрі әзірше көлдің жағасында бол­­са, болашақта айдалада қалып қоюы әб­­ден мүмкін. Себебі Шортанды көлінің суы тартылып барады. Мемлекет үшін бұл үл­кен проблема болайын деп тұр.

Ғазиз ӘЛІБИ, Бурабай ауданының әкімі:

- Көкшетау облысының өзен-су­ла­ры соңғы рет 1957-1959 жылдары зерт­­телген болатын. Ол кезде тың және ты­ңайған жерлерге сараптама жасал­ды. Со­дан бері жарты ғасырдан астам уа­қыт өтті. Сондықтан осындай жұмыс­ты бар­лық Щучье-Бурабай курорттық ай­­мағында жүргізу аса қажет. Оны ке­йін­ге қал­дыруға болмайды. Бүгінде Шор­­танды көлінің тереңдігі 23 метрге де­йін тө­­мендеді.  1957 жылы ол 34 метр бол­­­ған. Демек, 55 жылдың ішінде көл дең­­гейі 11 метрге түсіп кетті. Біздің есеп­­­теуімізге сәйкес, жыл сайын Щучье кө­­­лі 20 сантиметрге тартылып оты­рады.

Осыған байланысты Щучье көлінен су тарту жұмыстарына тыйым салынды. Жақын жерде жатқан бірқатар елді мекендер Көкшетау су құбырына қосылды. Алдағы уақытта тағы 14 ауылды осы құбырға қосу ұсынылып отыр. Дегенмен осымен Бурабай мен Щучье суларының тартылуы тоқтамайтын сияқты. Себебі оған климат та әсер етуде.

Людмила ЧУНТОНОВА, «Гидрометмониторинг» орталығының директоры:

- Әрине, судың тартылуына табиғи кли­маттың әсері зор. Себебі өткен ға­сыр­дың басымен салыстырғанда, бізде ауа температурасының жылдық көр­сет­кіші екі есе өсті. Ал жауын-шашынның кө­лемі 70 пайызға азайды. Мәселен, бұдан бір ғасыр бұрын жауын-шашы­н­ның көрсеткіші 600-800 мм болса, бү­гінде ол 300-400 мм ғана құрап отыр. Бұл - табиғи үрдіс.

Үкімет басшысының орынбасары Серік Ах­метовтың жұмыс сапарының негізгі мақ­саты да осы болған сыңайлы. Ол Щу­чье-Бурабай курорттық аймағында сулардың тартылуын өз көзімен көріп, аталған мә­се­лені арнайы кеңесте жан-жақты талқылап шық­ты. Сапар барысында вице-премьер қор­шаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қап­паровқа курорттық аймақтағы көл­дер­дің тартылуын жан-жақты зерттеп, ар­найы сараптамадан өткізуді тапсырды.

Автор: Арман АСҚАР, Астана

«Алаш айнасы» газеті

ҒАСЫР НӘУБЕТІ

Қызыл империяның солақай саясаты халқымызды қансыратып кеткенi тарихтан белгiлi. 30-шы жылдардағы қанды қырғында жазықсыз жапа шеккен асыл азаматтардың ұрпақтары елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi ата-бабаларының жалғыз оққа байланып кеткен талайлы тағдырларына жоқшы болып сұрау салуда.
Сәулетті елмін деп сары далаға са-уын айтсақ та, кешегі өткен нәубеттердің нала-мұңы жадымыздан өшкен жоқ. Сол бір нәубет кезеңнің тілсіз куәсіндей Ақсораңның адырлары да үнсіз жатыр. Қызыл империяның тұсында билік басына келген тексіздердің қарапайым халыққа жасаған зорлық-қиянатын естігенде, төбе шашың тік тұрады.
Қолыма билік тиді екен деп өзінің ауылдасын оққа байлаған шолақ белсенділердің қанқұйлы іс-әрекетінің бір ұшығы бүгін үнсіз жатқан Ақсораңның Күйген сай деген жерінде орын алған.
Қойнында қанша адамның жатқаны белгісіз, бірақ Күйген сай күйініп, құлазып жатқандай көрінді маған. Бұл жерде атылғандар Кәрсөннің ішіндегі Құлназар ұрпақтары екен білетіндердің айтуынша. Жазушылар Одағының басқарма мүшесі Кәмел Жүністегінің мұрындық болуымен Күйген сайға кигіз үй тігіліп, құрбан болғандардың есімдері жазылған көк тас қойылып, ас берілді. Белгі тастың қойылуына әкелі-балалы Шәкәрім, Мәжит Омаров себепші. Бұл жерде адам атылғанын кезінде сол оқиғаның көзі тірі куәсі болған марқұм Аманжан Құнанбайұлы ақсақалдың айтуымен 1989 жылы деректі фильм түсірген Кәмел Жүністегінің сол нәубетке байланысты өлшеусіз еңбегінен көріп-білдік. Сол кездері комсомол мүшесі болған Аманжан ақсақал топтап кісі атылған жерді де, «Тоқтабек көңіндегі» 37 адам қамалған тас қораны да көзі тірісінде көрсетіп кеткен екен. Бейнефильмнен сол бір сұрқай заманның сұмдығын сақалынан тарам-тарам жас ағып тұрып айтқан Аманжан ақсақалдың әңгімесін тыңдаған жұрттың қайыспағаны қалмады.
Алыс, жақын жерлердегі Құлназар ұрпақтары ат арылтып келіп, бабаларына тағзым етті. Талай оқтың дауысына куә болған Күйген сай күңіреніп тұр. Үкіметтің оғы шығын болмасын деп 8-9 адамды қосақтап атқанына да, қазақтан ұрпақ қалмасын деп, бесіктен белі шықпаған бір жарым жасар баланы шейт қылғанына да осы жер куә. Жан түршігіп, жағаңды ұстайтын жайт - әйел ананың тірідей төсін кескені. Осы оқиғанның барлығы Кәмел Жүністегінің «Апат» романында қамтылған. Қайран момын қазағым-ай, қанышерлерге жазықсыз қор болған.
Кәмел Жүністегінің зерттеулеріне сүйене айтқан қанды қырғынның қатулы әңгімесі қан жылатты жүректі. Ш.Омаровтың бабаларына жасаған құрметіне көпшілік ризашылық білдірді. Әрине, «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегенді мақсат тұтқан бұл ақсақалдың ұрпаққа үлгі болар ісі көп. Жазықсыз жапа шеккендерді еске алып, белгі тас қоюға арналған бұл жиында ардагер теміржолшы, қаламгер Серік Смағұлов пен жасынан ел тарихына елеңдеп, құлағын түріп өскен Балтабай Игенұлы көнекөз қариялардан естіп, білгендерін ортаға салды.Талай шерлі әңгіменің куәсі болдық. Тарихы сан кітапқа жүк болатын сол зобалаң жылдар шындығын кейінгі ұрпақтың білуіне септескен ел азаматтарына жиналған көпшілік ағынан жарылып, алғыстарын айтты.
Тағдыры жалғыз оққа байла­нып,­тек­сіз­дер­дің қолынан қаза болғандардың рухына Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің бас имамы, Аманжан ақсақалдың немересі Орманбет Болатұлы дұға бағыштап, жиналған көпшілік қол жайып, бет сипасты. Құрбандарды еске алуға арналған жиынға аудан әкімінің орынбасары Әбілсейіт Қауымбаев арнайы келіп қатысты.
Жалғыз оққа байланып, жазықсыз құрбан болғандар жатқан Күйген сайдың күн батыс жағындағы Қос доңғал мен оңтүстігінен менмұндалап көрінген Найзакескен биігі де тарих парағына айналған сол бір сұмдыққа үнсіз лағнет айтқандай алыстан қарауытады. Ақсораңның құлан жорытқан құба белдері өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алған тасыр саясаттың әмірінен жазықсыз құрбан болғандардың талайлы тағдырына налығандай құлази қалыпты. Ақ дала, айқай дүние ішін тартып өксіп жатқандай...

Жанас МҰҚАШ
Қарағанды облысы,
Шет ауданы

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1519
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5898