Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2824 0 пікір 2 Шілде, 2012 сағат 11:16

Өткен айда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 17 мың 188 теңгені құрады

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылғы маусым айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
17 мың 188 теңгені құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.

Агенттік мәліметіне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 6,6 пайызға өсті. Ал осы көрсеткіш 2011 жылғы маусыммен салыстырғанда 2 пайызға артық. «Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,7 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 15,2 пайыз, жемістер мен көкөністер - 12,6 пайыз, нан және жарма өнімдері - 7,3 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,2 пайызды құрады», - делінген баспасөз баянында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377