Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 930 0 пікір 21 Шілде, 2021 сағат 23:06

Білім мен ғылым саласының алдында ауқымды міндет тұр

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ғылым саласындағы мәселелерге тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев биылғы жылдың соңына дейін Ғылым туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды. Бұл өзгерістер мен түзетулер ғалымдарға тұрақты және лайықты жалақы беру мәселесіне бағытталуы керек. Осы мақсатта жетекші ғалымдардың жалақысы базалық қаржыландыруға енгізіліп, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми институттарды тікелей қаржыландырылуы қажет.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне ҒЗИ-ды іріктеу мен қаржыландырудың нақты әрі ашық қағидаларын дайындау жұмысы тапсырылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру осыған дейін үш жыл аралықта орындалатын болса, Жолдауға сәйкес оның мерзімі ендігі кезекте бес жылға ұзартылуы тиіс. Өйткені, ғылыми-зерттеу жұмысының нақты және толымды нәтижесін көрсету үшін, әртүрлі эпидемиологиялық, адами фактордың, есеп құжаттарының тапсырылуына байланысты ғылыми жұмыстың уақыты шектелуі мүмкін. Сондықтан ғылыми-зерттеудің жаңа өзгерістері оған серпін беруі ықтимал. Сондай-ақ ҚР Ғылым туралы заңында Ұлттық ғылыми кеңестің шешімдерін аппеляцияға беру мүмкіндігі де қарастырылуы қажет. Ғылыми жобалары өтпеген зерттеушілер тобы өз жұмысының лайықты ірітелуіне және бағалануына мүмкіндікті тең алуы тиіс.

Президент атап өткендей, еліміздің білім мен ғылым саласының алдында ауқымды міндет тұр. Ол осы бағытта жаңа белестерді бағындырып қана қоймай, бір қадам алға жүріп, тың трендтерді қалыптастыру. Ал мемлекеттің қазіргі қолдауы алда үлкен жұмыс атқарып, ғалымдарды жаңа идеялар мен жаңалықтарға, уәкілетті органды ғылыми қоғамдастықпен іс-қимыл арқылы осы саланы жаңғыртуға мүмкіндіктер ашады.

Жалпы, елімізде Жолдау 1997 жылдан бері халық назарына ұсынылып келеді. Осыған дейін Парламент Палаталарының жиынында, тікелей эфирде және республикалық басылымдарда барлық саны 23 Жолдау жарияланған екен. Еліміздің ішкі-сыртқы саясатының басымдықтары, институционалдық негізі жолдаулар, ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламаларына сәйкес анықталады. Кейінгі жылдардағы жолдаулар 2012 жылы қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясының жекелей бағыттарына арналып келеді. Әлеуметтік, демографиялық тақырып, ана мен бала, білім мен денсаулық мәселелері әр Жолдауда міндетті түрде қамтылады. Бірақ әр жылдың ерекшелігіне қарай инфрақұрылымдық-экономикалық, өндірістік, мемлекеттік басқару саласы немесе рухани-мәдени даму бағыттарына басымдық беріліп отырады.

Диас Тастанбеков, химик

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566