Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 867 0 пікір 8 Қыркүйек, 2021 сағат 23:17

Сапалы білім беруге баса назар аударылды

Биылғы жылғы ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар келді.

Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама тың бастамалардың болатынын көрсетіп бергендей. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы әрбір азаматтың ерекше назарын аудартатыны белгілі.  Сапалы білім беру арқылы сапалы адам қалыптастырамыз. Сондықтан Президенттің білім саласына айрықша көңіл бөлуі колледжіміз үшін аса маңызды.

Тағы бір ерекше атап өтетін жағдай – педагогтардың біліктілігін арттыруға байланысты. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланған кезде ұстаздар мен Салалық кәсіподақ біліктілікті арттырудың мерзімін қысқарту туралы мәселе көтерген болатын. Енді, міне, Президент Жолдауында осыған назар аударылып, ұстаздардың біліктілігін арттыруды бес жылда емес, 3 жылда бір рет ақысыз негізде қолға алуды жүктеді. Білікті ұстаз білімді ұрпақ тәрбиелейтінін ескерсек, бұл бастама да заман талабына сай жасалған игі қадамдардың бірі дер едім.

Жолдау барысында Президенттің 2022 жылғы қаңтардың 1-інен бастап ең төмен жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырғаны тағы бір жағымды жаңалық болды. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыру бағытанда мемлекет тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдаулардың бірі деп білеміз. Жолдау жүктеген міндеттер жүйелі жүзеге асып, әлеуметтің әлеуетін арттыру жолындағы жақсы бастамалар жалғасын таба берсін деймін. Сонымен қатар, Қазақстан азаматы ретінде әрқайсымыздың да президентіміздің алға қойған міндеттерін бірігіп жүзеге асыру біздің басты талабымыз деп санаймын.

Айнұр Тасубаева, АМБК директорының орынбасары

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441